29
мамыр
2026
9-сынып білім алушыларының мемлекеттік қорытынды аттестаттауының алғашқы емтиханы
2026 жылғы 29 мамыр күні №5 Ақарал ЖОББМГ 9-сынып білім алушыларының мемлекеттік қорытынды аттестаттауының алғашқы емтиханы өткізілді. Алғашқы емтихан алгебра пәні бойынша жазбаша түрде ұйымдастырылды. Мектебімізде 9-сыныптарда барлығы 45 білім алушы білім алуда. Оның ішінде 5 оқушы негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер болып табылады. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау – оқушылардың негізгі орта білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейін айқындайтын маңызды кезең. Емтихан бекітілген талаптарға сәйкес, ашық және әділ жағдайда өткізілді. Барлық білім алушыларға алдағы емтихандарда сәттілік, жоғары нәтиже және өз білімдерін лайықты деңгейде көрсетуіне тілектеспіз!