14
желтоқсан
2020
"Педагогикалық идеялар фестивалі" конкурсының мектепішілік кезеңі
14.12.2020ж Педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес #5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Сеитованың ұйымдастыруымен "Педагогикалық идеялар фестивалі" конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді. Конкурсқа 10 мұғалім қатысты. Сараптау комиссиясының бағалауы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Мақтабай І орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Канатова, мектепалды даярлық мұғалімі К.Айхожаева, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Турабекова, өзін-өзі тану пәні мұғалімі Д.Увалиева ІІ орын, информатика пәні мұғалімі О.Еркебаев пен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Төлеген ІІІ орын жеңімпаздары атанды. Құттықтаймыз👍🏻👍🏻👍🏻