Бұйрық №595 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
09
қаңтар
2019

Бұйрық №595

                                                                                                                          09.01.2019 редакциясында
ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 14.11.2018 ж. жарияланды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17657 болып тіркелді. 

Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің   үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабының 1-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгілік қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі                                                         Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 30 қазандағы
 № 595 бұйрығына 1-қосымша
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары
1 -тарау. Жалпы ережелер
1. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзiрленген және «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда, түрлеріне, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – мектепке дейінгі ұйымдар) қызметінiң тәртiбiн айқындайды.
2. Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:
1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;
2) тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
4) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау;
5) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
3. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі құрылымдық бірлігі топ болып табылады. Топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидаты бойынша жасақталады.
Мектепке дейінгі ұйымдар топтарының толымдылығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15893 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Топтарда бақылау бейнекамералары «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес орналастырылады.
Жалпы дамытушы мектепке дейінгі ұйымдардың жас топтарында саны 3-тен артық емес ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу мен оқыту қарастырылады. Топта ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар болған жағдайда топтарды жинақтау осындай бір балаға балалардың жалпы санын үшке кеміту есебінен іске асырылады.
4. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілердің болу уақыты бойынша бөлінеді және мынадай тәртіппен қызмет етеді:
1) толық күн болу;
2) жарты күн болу;
3) тәулік бойы болу. 
5. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидалар мен мектепке дейінгі ұйымдар жарғысын және Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
6. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.
7. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10981 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Балаларды тұрақты немесе уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіледі.
Елді мекеннің ішінде бір мектепке дейінгі ұйымнан басқасына орын алмастыру жас топтары, оқыту тілі сәйкес келген жағдайда, ата-аналардың және мектепке дейінгі ұйым басшыларының келісімімен тұрақты орындарға жүзеге асырылады.
8. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін мынадай кезеңдер бойынша ұйымдастырады:
1) 1 қыркүйек пен 30 мамыр аралығында – оқу жылы («Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі;
2) 1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі;
3) мектеп жасына жеткен балаларды мектепке дейінгі ұйымнан босату жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;
4) балаларды бір жас тобынан басқасына ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық сыныптарындағы оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйек пен келесі жылғы 25 мамыр аралығында жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.
9. Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың орны мынадай:
1) бала ауырып, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда);
2) баланың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне еңбек демалысы берілген (жазбаша өтінішті ұсынған кезде) жағдайларда сақталады.
10. Басшы баланы мектепке дейінгі ұйымдардан мынадай:
1) мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылған;
2) бала бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей келмеген;
3) дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде баланың келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығарылады. 
11. Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері:
1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды;
2) ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған санаторийлік балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады;
3) мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.
12. Түрлеріне, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдары, оның ішінде жаңадан құрылғандары, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары және педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
2-тарау. Мектепке дейiнгі ұйымдар қызметінің тәртібi
13. Мектепке дейінгі ұйымдар «Білім туралы» Заңның 41-бабы мен осы Қағидалар негізінде өз жарғысын әзірлейді.
14. Мектепке дейінгі ұйымдар:
1) өз жарғысында белгіленген функциялардың орындалуын;
2) «Білім туралы» Заңның 5-бабының 5-1 тармағына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының (бұдан әрі - Стандарт), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының (бұдан әрі – Үлгілік жоспар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) және Үлгілік бағдарламасының толық көлемде іске асырылуын;
3) білім беру процесті ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, қабілеттеріне, қызығушылықтары мен қажеттілiктеріне сәйкестігін қамтамасыз етуін.
4) мектепке дейінгі ұйымның штатына кіретін медициналық қызметкерлер балаларды ағымдық медициналық бақылауды, иммундау және профилактикалық тексерулерді алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің аумақтық медициналық ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастыруды;
5) мектепке дейінгі ұйым басшысы бекітетін он күндік ас мәзірін құрастыруды;
6) балаларды теңгерімді тамақтандыру жас ерекшеліктерін, жұмыс тәртібін, оның жиілігін ескеріп, Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Жарғыға сәйкес айқындалады;
7) тәрбиеленушілерде соның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтану мен табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы тамақтану мәдениетін қалыптастыруды;
8) заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіпте білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматты түрде ақпараттармен алмасуды және мәліметтерді өзектендіруді;
9) білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара әрекеттесудің регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
15. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы штат саны «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.
16. Педагогикалық қызметпен айналысуға «Білім туралы» Заңның 51-бабының 1-тармағы 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған адамдардан басқа, білімі және біліктілігінің тиісті деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттармен расталған педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.
17. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
18. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі ұйым басшысы белгілеген тәртіппен жұмыс күндері және демалыс күндері осы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған және қамтылмаған балалар үшін білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетеді. Ақылы қызметтер көрсетуден түскен қаражат мамандарға еңбекақы төлеуге, құралдар сатып алуға, тиісті дамытушы орта құруға бағытталады.
19. Отбасы мен баланы әлеуметтiк-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін мектепке дейiнгi ұйымдарда консультациялық пункттер құрылады.
20. Мектепке дейiнгi ұйымдарды басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаттарында құрылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық, әдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.
21. Мектепке дейінгi ұйымды тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады. Мектепке дейінгі ұйым басшысы:
1) мектепке дейінгі ұйымның атынан әрекет етеді, барлық мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда оның атынан өкілдік етеді;
2) қаражатқа иелік етуші болып табылады, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банктерде есептік және басқа да шоттар ашады;
3) өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады, жаза қолданады;
4) кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару құқығын пайдаланады;
5) Стандарттың және Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;
6) балалардың мүдделерін, отбасы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қосымша көрсетілетін қызметтерді ұйымдастырады;
7) баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде ата-анасын немесе заңды өкілдерін жарғымен, қабылдау тәртібі мен білім беру процесін және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін құжаттармен таныстырады, ата-аналармен немесе заңды өкілдермен шарт жасайды;
8) мектепке дейінгі ұйымға бекітілген мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
22. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынас баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі.
23. Білім беру процесінің қатысушылары балалар, ата-аналар немесе заңды өкілдер, педагог қызметкерлер болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесі Стандарт негізінде әзірленген Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жарғысымен айқындалады.
24. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісінің, ата-аналары мен қызметкерлерінің қарым-қатынасы білім беру процесіне қатысушылардың өзара сыйластығы және жеке ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушіге даму еркіндігін ұсынуды ескере отырып, ынтымақтастық негізде құрылады.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 30 қазандағы
 № 595 бұйрығына 2-қосымша
Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленген және «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымын қоспағанда, олардың меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидаларды және білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.
3. Білім беру ұйымдарының міндеттері:
1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау;
2) «Білім туралы» Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі – МЖМБС) көзделген ғылымдардың базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
4) азаматтылықққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және қазақ тілін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу болып табылады.
4. Білім беру ұйымдары өз қызметін «Білім туралы» Заңның 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
5. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім алудың қолжетімділігіне жағдайлар жасалуына қарай барлық деңгейлерде оқыту күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат және ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады.
6. Мемлекет инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
7. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе тиісті үлгілік оқу жоспарларына сәйкес стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
8. Білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау «Білім туралы» Заңның 5-бабының 11) тармақшасымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
9. Бастауыш, негізгі орта, орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір орта білім беру ұйымынан басқасына ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
Білім беру ұйымынан шыққан адам басқа білім беру ұйымына келуі туралы талон ұсынады, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетіледі, содан кейін оған тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетілген кету туралы есептен шығару талоны және оның жеке ісі беріледі.
Кету туралы есептен шығару талоны білім алушының келуі және жеке ісін тапсыруы үшін білім беру ұйымына ұсыну үшін беріледі.
10. Бұрын шетелдік мектептерде оқыған білім алушылар Қазақстан Республикасына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының мектептерінде оқуды жалғастырады. Мектептердің әкімшіліктері жергілікті білім беру басқармаларымен бірлесіп, олардың білім деңгейін анықтау үшін Комиссиялар құрады, оның жұмысының қорытындысы бойынша оқушыны қазақстандық мектептің тиісті сыныбына қабылдау туралы шешім қабылданады.
11. Білім беру ұйымдарында білім алушының, заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқу мерзімдерін, жекеменшік білім беру ұйымдарында оқу төлемінің мөлшерін айқындайтын шартпен реттеледі.
12. Он алты жасқа дейінгі балаларды білім беру ұйымдарынан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.
Білім беру ұйымдарынан шығарылған кәмелетке толмаған балалардың жалпы орта білім алуы жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жалғастырылады.
13. Оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап келесі жылғы 25 мамырға дейін жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.
14. Білім беру ұйымдарындағы сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды.
15. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
2 -тарау. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
16. Білім алушылар, педагог қызметкерлер, білім алушылардың заңды өкілдері білім беру процесінің субъектілері болып табылады.
17. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білім беретін үлгілік оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымдары береді.
18. Педагогтік қызметпен айналысуға тиісті бейіндер бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдарға рұқсат етіледі.
Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа «Білім туралы» Заңның 51-бабында көзделген адамдарға рұқсат етілмейді.
19. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
20. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
21. Білім беру ұйымдары оқу процесін «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
22. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен машықтарын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, коммуникативтік дағдылардың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
23. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталған.
Үлгілік оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын қамтиды.
Әрбір оқу пәнінің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.
24. Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, дифференциациялау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленген.
25. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларды инклюзивтік білім беру жағдайларында оқыту (бір сыныпта білім алуға ерекше қажеттілігі бар кемінде екі баланың оқуына рұқсат етіледі) және (немесе) дамудағы бұзылулардың түрлері бойынша арнайы сыныптарды ашу көзделген.
Инклюзивті білім беру жағдайларында білім алатын білім алуға ерекше қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы және ұсынымдары бойынша үлгілік оқу немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша оқиды.
Инклюзивті білім беру жағдайларында және (немесе) арнайы сыныптарда білім алатын білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін түзету сабақтарын арнайы педагогтар (дефектолог олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүргізеді.
26. Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие процесі үлгілік оқу бағдарламаларына және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Білім беру ұйымдарында қосымша білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары іске асырылады.
28. Білім беру ұйымдарында оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.
29. Меншік нысандарына қарамастан,барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің МЖМС-ге сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді.
30. Білім беру ұйымдары үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компоненттерінің сағаттарын мектептен тыс (мәдениет мекемелерінде, спорт ғимараттарында, әскери объектілерде, зерттеу зертханаларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, табиғатта) өткізеді.
31. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі МЖМС, санитариялық қағидалардың, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
32. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген).
33. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.
34. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.
Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.
35. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын білім алушылардың игеруін бақылау мақсатында білім беру ұйымдары «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.
36. Білім беру ұйымдары бір күндегі ең жоғары оқу жүктемесін белгілеуде, өздерінің жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес болады.
37. Барлық білім беру ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, білім алушылардың бойында патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
38. Білім беру ұйымы ақпаратты автоматтандырылған алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі бар деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
39. Білім беру ұйымының басшысы «Білім туралы» Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
40. Білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі «Білім туралы» Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
41. Білім беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады. Педагогикалық, қамқоршылық және әдістемелік кеңестер білім беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары болып табылады.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 30 қазандағы
 № 595 бұйрығына 3-қосымша
Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік бiлiм берудің (бұдан әрі – ТжКБ) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Техникалық және кәсіптік бiлiм «Білім туралы» Заңның 32-бабына сәйкес негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждер мен жоғары колледждерде алынады.
3. ТжКБ мiндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) білім алушылармен кәсіби бағдарлау жұмысын қамтамасыз ету;
3) теориялық оқыту, өндірісте оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйелерін дамыту;
4) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытылы бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;
5) техникалық және кәсіптік бiлiм беру жөніндегі білім беру бағдарламалары мен өндірісті ықпалдастыру.
4. ТжКБ ұйымдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
5. ТжКБ ұйымдары бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларға білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.
2-тарау. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
6. ТжКБ ұйымдары «Білім туралы» Заңда, осы Қағидаларда және ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруда дербес болады.
7. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру ұйымдары өз қызметін қолданыстағы «Білім туралы» Заңның 42-бабына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
8. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.
9. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған бекітілген оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.
ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын және оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
10. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген) Үлгілік оқу жоспарларының және Үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.
ТжКБ үлгілік оқу жоспарлары мен Үлгілік оқу бағдарламалары ТжКБ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде әзірленеді.
11. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін мамандықтардың жекелеген біліктіліктерінен басқа).
12. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, «Білім туралы» Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес белгіленеді.
Әскери мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнайы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген). Білім алушыларды беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Әскери мамандықтар бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13239 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволар бағынысты әскери органдарына ауыстуру және қайта қабылдау Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
14. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5192 болып тіркелген) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Білім алушылардың үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
16. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
17. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, оқу жылы оқу процесінің графигіне сәйкес басталады және аяқталады.
Толық оқу жылы ішінде білім алушылар үшін кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы кезеңде 2 аптадан кем емес демалыстар белгіленеді.
Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда сабақ кестесі оқу процесінің графигіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.
Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 2 академиялық сағаттан кейін 10 минут үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат етіледі.
Білім алушылардың тамақтануы және белсенді демалуы үшін 2 қосарланған сабақтан кейін ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліс көзделеді.
ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында әскери мамандықтар бойынша аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін ұзақтығы кемінде 40 минут академиялық сағат белгіленеді.
18. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім алушылардың тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
19. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
20. ТжКБ бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар (курстық және дипломдық жұмыстар) және практикалар түрінде өткізіледі.
21. Білім алушылар, педагог қызметкерлер, кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру процесінің қатысушылары болып табылады.
22. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.
23. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады.
24. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны және педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі негізінде айқындалады.
25. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
26. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары, оқыту нысаны және тілдері бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.
27. Бөлімшеге басшылық етуді ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.
Бөлімше меңгерушісі:
1) бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және оған тікелей басшылық етуді;
2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;
3) білім алушылардың үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды;
4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;
5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;
6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;
7) бөлімше бойынша жұмысты есепке алуды және есеп беруді қамтамасыз етеді.
28. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) кадрлар даярлау кезінде бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша құрылады.
29. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарында теориялық оқытуды, сондай-ақ өндірістік оқыту шеберінің, оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында практика жетекшісінің басшылығымен, тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында - практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы қамтиды.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау, оның ішінде өнімдер (тауарлар, жұмыстар және қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді.
ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында шығарылатын өз өндірісінің өнімдерін өткізеді.
30. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.
31. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне қарай жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.
Оқу-өндірістік шеберханалар:
1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;
2) білім алушылардың оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;
3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құралдарды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;
4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.
Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша (оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) ауылшаруашылық жұмыстарының әр алуан түрлері жүргізіледі.
Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, өздігінен жүретін әртүрлі машиналарды жүргізу, әртүрлі жабдықтар мен тетіктерді қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
32. Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесі, мазмұны және оларды орындау бойынша талаптарды олар үшін кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы айқындайды.
33. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
34. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі «Білім туралы» Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
35. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды өз құзыретіне сәйкес білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.
Медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын жаңадан құрылған білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау мамандардың алғашқы бітірген жылынан кешіктірілмей өткізіледі.
36. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері «Міндетті медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
37. ТжКБ ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады. Педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер ТжКБ білім беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары болып табылады.
38. Кітапхана қорының болуы толық оқу кезеңінде білім алушылар контингентіне қарай ТжКБ үлгілік оқу жоспарларына, білім беру бағдарламаларына сәйкес қалыптастырылады.
39. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай, экстернат және білім беруде ерекше қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.
40. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.
ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
41. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларға жұмысшы біліктіліктерін, «орта буын маманы», «қолданбалы бакалавр» біліктіліктерін береді.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 30 қазандағы
 № 595 бұйрығына 4-қосымша
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленген және меншiк нысанына қарамастан, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ОБК ұйым) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. ОБК білім беру бағдарламалары орта білімі (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) бар азаматтар арасынан қолданбалы бакалаврларды даярлауға бағытталған.
3. ОБК мiндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) білім алушылардың кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету;
3) жалпы оқыту, жұмыс орнында оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әрбір адамға білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмек беретін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;
4) білім алушылардың дұрыс, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
4. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
5. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін «Білім туралы» Заңына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
2 -тарау. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
6. ОБК білім беру бағдарламалары колледждерде және жоғары колледждерде іске асырылады.
7. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Қағидаларда және ОБК ұйымдардың жарғыларында белгіленген шектерде оқу және тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
8. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу болып табылады.
9. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Оқу-тәрбие процесінің графигі мен оқу сабақтарының кестесін ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алудың қағаз журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
10. Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарларының және Үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары әзірлейді және жұмыс берушілермен келісіледі.
Үлгілік оқу жоспарлары мен Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес әзірленеді.
11. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу нысанында жүзеге асырылады.
12. ОБК ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібі «Білім туралы» Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
13. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) Білім алушыларды беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
14. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5192 болып тіркелген) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
15. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
16. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, оқу жылы оқу процесінің графигіне сәйкес басталады және аяқталады.
Толық оқу жылы ішінде білім алушылар үшін кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы кезеңде 2 аптадан кем емес демалыстар белгіленеді.
ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің графигіне және оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.
Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат етіледі.
17. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа да нысандары түрінде өткізіледі.
19. Білім алушылар, кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері, педагог қызметкерлер ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру процесіне қатысушылар болып табылады.
20. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.
21. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды оқытумен және тәрбиелеумен байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады.
22. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі негізінде айқындалады.
23. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарына орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
24. Мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, қажет болған жағдайда одан тыс жерлерде мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімшелер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.
Бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.
25. Бөлімшеге басшылық етуді ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.
Бөлімше меңгерушісі:
1) бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және оған тікелей басшылық етуді;
2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;
3) білім алушылардың үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды;
4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;
5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;
6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;
7) бөлімше бойынша жұмысты есепке алуды және есеп беруді қамтамасыз етеді.
26. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше мамандық бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.
27. Кәсіптік практиканы өткізу үшін ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары шарттық негізде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан басқа) практикалар базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындайды, олармен келісілген оқу жұмыс бағдарламаларын және кәсіптік практикадан өтудің күнтізбелік кестелерін бекітеді.
28. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.
Оқу-өндірістік шеберханалар:
1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;
2) білім алушылардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;
3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құралдарды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;
4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.
Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша (оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) зертханалық-практикалық сабақтар мен ауылшаруашылық жұмыстарының әр алуан түрлері жүргізіледі.
Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, өздігінен жүретін әртүрлі машиналарды жүргізу; әртүрлі жабдықтар мен тетіктерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
29. Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесін, мазмұны және оларды орындау бойынша талаптарды олар үшін кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша, тікелей орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы айқындайды.
30. Кәсіптік практика мен өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында, сондай-ақ тікелей өндірісте және тиісті бейіндегі ұйымдарда жүзеге асырылады.
31. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
32. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі «Білім туралы» Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
33. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы «Білім туралы» Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
34. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
35. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.
36. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды өз құзыреттеріне сәйкес білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.
ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын жаңадан құрылған білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау мамандардың алғашқы бітірген жылынан кешіктірілмей өткізіледі.
37. Кітапханалар қорының болуы толық оқу кезеңінде білім алушылар контингентіне қарай ОБК үлгілік оқу жоспарларына, білім беру бағдарламаларына сәйкес қалыптастырылады.
38. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.
ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді. 
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 30 қазандағы
 № 595 бұйрығына 5-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) 5 бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖОО) мынадай түрлері: ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар, институттар және оларға теңестiрiлген (консерватория) ұйымдары ұсынады.
3. ЖОО міндеті – ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау.
4. Жоғары оқу орны өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы», 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы», 2015 жылғы 31 қазандағы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, білім беру және ғылыми қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидалар мен жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) өз қызметін «Білім туралы» Заңның 5-1-бабына сәйкес бекітілетін нормативтік құқықтық актілердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады.
2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
5. ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖОО жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалық қағидаттарында жүзеге асырылады.
ӘАОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, ӘАОО қызметінің қағидаларына, ӘАОО жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
6. ЖОО-да басқару органдары ретінде олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына байланысты байқау кеңестері немесе директорлар кеңесі немесе құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де басқару органдары болып табылады.
Білім беру ұйымын алқалы басқару нысандары кеңес (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандар болып табылады.
Басқару органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ЖОО ішкі ережелерімен регламенттеледі.
7. ЖОО-лар өздерінің даму стратегияларын және (немесе) даму бағдарламаларын және (немесе) даму жоспарларын әзірлейді.
8. ЖОО қызметін тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ЖОО ректоры (басшысы) жүзеге асырады.
9. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанындағы ЖОО-да байқау кеңестері тиісті саланың уәкілетті органының ЖОО ректорын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу туралы ұсыныстарды келіседі.
10. ЖОО проректорларын тағайындау, олардың саны және лауазымдық өкілеттіліктері ЖОО-ның ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.
ӘАОО-да Қазақстан Республикасының қолданыстағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес тағайындалатын басшының орынбасарлары болады.
11. ЖОО ректоры (басшысы) ЖОО атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, заңнамада белгіленген тәртіппен ЖОО мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.
12. ЖОО ректоры (басшысы) алқалы басқару қағидаттарында жоғары оқу орнын басқаруды жүзеге асырады, білім алушылардың даярлық сапасын, «Білім туралы» Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарының сақталуын, қаржылық тәртіптің, шарт талаптарында көзделген ЖОО қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен білім алушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
13. ЖОО ректоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. ӘАОО-да басшы Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
14. ЖОО ректорлары жыл сайын стратегиялық даму және даму жоспары бойынша басқару органдары алдында есеп береді.
ЖОО-ның қаржылық есебі алдын ала басқару органдарымен келісіледі.
15. ЖОО-ның адами ресурстарын (қызметкерлерін) басқару оның кадрлық саясатына сәйкес жүзеге асырылады, қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен ол рекрутингті, басқару кадрларды, педагогикалық және ғылыми қызметкерлерді даярлау және біліктіліктерін арттыруды қамтитын адами ресурстарды дамыту қағидаттарына негізделеді.
16. ЖОО жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер кандидатураларына қойылатын талаптарды «Білім туралы» Заңның 43-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметкерлер лауазымдарың біліктілік сипаттамаларын анықтау арқылы белгілейді.
ЖОО дәрістердің оқуын ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылыми атақтары (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор), сондай-ақ тиісті ғылымдар бойынша магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылармен және (немесе) аға оқытушылармен қамтамасыз етеді.
Дәрістерді оқуға және (немесе) басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі мамандар тартылады.
Бұл ретте, базалық білімнің немесе ғылыми дәрежелердің немесе ғылыми атақтардың оқытатын пәндердің бейініне сәйкес келуі міндетті емес болып табылады және ЖОО-ны реттейді.
Дипломдық жұмыстарға (жобаларға), кәсіптік практикаға жетекшілікті осы жұмыстарға сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар оқытушылар, практик-мамандар жүзеге асырады.
ӘАОО-ны қоспағанда, магистрлік диссертацияларға (жобаларға), докторлық диссертацияларға, ғылыми тағылымдамаларға, зерттеу практикаларға жетекшілікті ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылыми атақтары (қауымдастырылған профессор (доцент) профессор бар және ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын оқытушылар және (немесе) білім алушының оқу қызметінің осы түрлерінің бейініне сәйкес болатын ғылыми жарияланымдары бар ғылыми қызметкерлер, практик-мамандар жүзеге асырады.
ӘАОО-да дәріс сабақтарын өткізуге, білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік етуге «Білім туралы» Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілген Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған мамандар жіберіледі.
17. ЖОО профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
ӘАОО-ның профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібі «Білім туралы» Заңның 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес айқындалады.
18. ЖОО өз құрылымын құрайды және бекітеді. Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖОО қызметінің барлық бағыттары мен түрлерін қамтиды.
Камерциалық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған ЖОО-да академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімді қабылдау директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.
ӘАОО құрылымын «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженiң 4-бабының 16-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 9-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес айқындалады.
19. ЖОО құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді.
20. Штаттық кестені ЖОО айқындайды және оны жыл сайын ректор бекітеді. 
КеАҚ нысанында құрылған ЖОО-да штаттық кестені бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.
ӘАОО-да штаттық кестені тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
21. ЖОО оқу жүктемесі нормаларын, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерін белгілейді. 
ӘАОО-да қызметкерлердің оқу жүктемесі нормалары, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлері қолданыстағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
22. ЖОО-ның білім беру қызметі академиялық саясат негізінде жүзеге асырылады, ол білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және студентке бағдарланған оқытуды іске асыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар, қағидалар және рәсімдер жүйесін білдіреді.
23. Академиялық саясат ЖОО-ның алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып, білім саласындағы қолданыстағы заңнама негізінде әзірленеді.
Академиялық саясаттың құрылымы мен бағыттарын ЖОО айқындайды.
24. ЖОО-да оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады. 
ӘАОО-дағы оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.
25. Білім алушыларды қабылдау үшін ЖОО «Білім туралы» Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ЖОО-ға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
ӘАОО-ға білім алушыларды қабылдау «Білім туралы» Заңның 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Тиісті деңгейдің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдаудың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
ЖОО білім алушыларды қабылдағаннан кейін және білім туралы құжаттарды беруден кейін бір ай ішінде осы ақпаратты білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдайды және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізеді.
ЖОО білім туралы берілген құжаттар бойынша электрондық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және білім туралы құжаттардың, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың электрондық базасын (архивін) құрайды.
Осы тармақта көрсетілген нормалар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарына таратылмайды.
26. ӘАОО-ны, медицина ЖОО-ларын, мәдениет және өнер саласындағы ЖОО-ларды, сондай-ақ білім алушылардың саны мемлекеттік білім беру тапсырысымен айқындалатын ЖОО-ларды қоспағанда, оқу процесін тиімді ұйымдастыру, білім беру қызметіне тартылған материалдық активтер мен ресурстарды ұтымды пайдалану үшін күндізгі оқу нысанының білім алушыларының ең аз контингенті академияларда, институттарда және оларға теңестірілген ЖОО-да (консерваторияларда) кемінде 1000 адамды; университеттерде кемінде 3000 адамды құрайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 09.01.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
27. ЖОО жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін және білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын бекітеді.
КеАҚ нысанында құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.
28. ЖОО-ның білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
ӘАОО-ның білім беру қызметі «Білім туралы» Заңның 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
29. ЖОО оқытудың жаңа, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларын (бұдан әрі - ҚОТ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес енгізеді.
30. ЖОО оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормаларын, оқу жұмысы, оқыту технологиялары арасында, оның ішінде ҚОТ пайдаланумен уақыт көлемінің арасалмағын анықтайды.
31. Білім алушылардың жазбаша жұмыстарының барлық түрлері плагиатты тексеру үшін тексерістен өтеді. Плагиатты тексеру қағидасы мен тәртібін ЖОО бекітеді. 
32. ЖОО оқытушысы білім беру бағдарламалары және оқу бағдарламалары (силлабус) негізінде оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие.
33. ЖОО осы қағидаларының нормаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
Бұл ретте білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушы кез келген ЖОО-ға қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан ауыстырылады немесе қайта қабылданады.
Егер ЖОО білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, ол оқудан шығарылғаннан кейін ғана ауыстырылады және қайта қабылданады.
Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру «Білім туралы» Заңның 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып, өз қалауынша басқа ЖОО-ға ауысады.
Білім алушының ауысуы кезінде қабылдайтын ЖОО даярлау бағытын және білім беру бағдарламасының бейінін, сондай-ақ білім алушының оқу жетістіктерін ескереді.
Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауысады.
Студенттерді, магистранттарды, резидентура тыңдаушыларын және докторанттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ғa ауыстыру білім алушылардың білім беру грантының құнындағы айырмашылығын қосымша төлеу шартымен жүзеге асырылады.
Шығармашылық даярлықты қажет ететін білім беру бағдарламалар тобынан басқа білім беру бағдарламалар тобына білім алушының ауысуы «Білім туралы» Заңының 5-баптың 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4-тармағына сәйкес белгіленген өту балынан төмен емес балы бар ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының болған жағдайда жүзезе асырылады.
ӘАОО-да білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидалары «Білім туралы» Заңының 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітіледі.
34. Білім алушыға академиялық демалыс сырқаты бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде, босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алынған 3 жасқа толғанға дейін беріледі.
Білім алушыларға академиялық демалыс беру тәртібін ЖОО анықтайды.
35. ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.
ӘАОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы «Білім туралы» Заңның 5-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.
36. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында ЖОО еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі (ESG-исиджи) стандарттар мен жоғары білім сапасын қамтамасыз ету нұсқаулығына негізделген сапаны іштей қамтамасыз етудің жүйесін құрады, ол мыналарды қамтиды:
1) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат;
2) бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту;
3) студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау;
4) білім алушыларды қабылдау, олардың үлгерімі, тану және сертификаттау;
5) оқытушылар құрамы;
6) оқу ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі;
7) ақпаратты басқару;
8) жұртшылықты хабардар ету;
9) тұрақты мониторинг және бағдарламаларды мерзімді бағалау;
10) сыртқы мерзімді сапаны қамтамасыз ету.
37. Академиялық адалдық оқыту процесінің қағидаты болып табылады және оны іске асыруды ЖОО қамтамасыз етеді.
Академиялық адалдықтың қағидаттары мынадай:
1) адалдық – білім алушылардың оқу жұмысының бағаланатын және бағаланбайтын түрлерін адал, әдепті орындау;
2) автордың және оның мирасқорларының құқықтарын қорғауын жүзеге асыру – бөгде сөзді, ойды дұрыс тарату және бағаланатын жұмыстардағы ақпараттың дереккөздерін көрсету арқылы авторлықты растау және авторлық құқықтың объектісі болып табылатын шығармаларды қорғау; 
3) ашықтық – айқындық, өзара сенім білдіру, білім алышулар мен оқытушылар арасында ақпаратпен және идеялармен ашық бөлісу; 
4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеялардың бос айтылу құқығы; 
5) теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық қағидаларын ұстануды және оларды бұзу үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді;
38. Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар үшін арнайы білім беру жағдайы жасалынады.
39. Кәсіптік практика кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады.
Кәсіптік практика оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алды деген түрлерге бөлінеді. 
ЖОО кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді. 
Кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысанын ЖОО өзінің академиялық саясатына сәйкес әзірлейді және бекітеді.
Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны стандарттармен, оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен айқындалады.
Білім алушылардың кәсіптік практиканы өткізу үшін базасы ретінде жарғылық қызметі мамандарды даярлаудың бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін, кәсіптік практикаға жетекшілік етуді жүзеге асыру үшін білікті кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.
ӘАОО-да кәсіптік практика мен тағылымдаманың барлық түрлері бойынша бағдарламаларды әзірлеу және бекіту тәртібі «Білім туралы» Заңның 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары білім алушыларының кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен айқындалады.
40. Формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану «Білім туралы» Заңның 5-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес бекітілген Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
41. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖОО-да тіркеу офисі құрылады.
ӘАОО-да оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі құрылады.
42. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін ЖОО өзінің академиялық саясатына және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкілі және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша белгіленеді. 
Тілдер бойынша (шет тілі, қазақ, орыс) білім алушылардың оқудағы жетістіктері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шәкілене сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
Тілді меңгеру деңгейі жалпыеуропалық шет тілді меңгерудің құзыретіне (бұдан әрі - ОЕК) (А1, А2, В1, В2, С1, С2) сәйкес болады.
43. Білім алушы ЖОО-дан келесі жағдайларда оқудан шығарылады:
1) академиялық үлгермеушілігі;
2) академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаныүшін;
3) Ішкі тәртіп қағидалары мен ЖОО жарғысын бұзғаны үшін;
4) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда;
5) өз еркімен.
44. Білім алушы аралық аттестаттау кезінде оқу пәні (модуль) бойынша емтиханды екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.
Үшінші рет «қанағаттанарлықсыз» бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алғанда, білім алушы қаншалықты «қанағаттанарлықсыз» бағасын алуына қарамастан ЖОО-дан оқудан шығарылады және осы пәнге қайтадан жазылу мүмкіндігінен айырылады.
Бұл ретте, білім алушы өз қалауынша басқа ЖОО-ға және (немесе) басқа білім беру бағдарламаға ауысады. Білім алушы өз қалауынша жалпы білім беретін пәндер циклінен басқа, «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған пәні мазмұнында болмайтын басқа білім беру бағдарламасына ауысады.
ЖОО-дан оқудан шығарылған білім алушыға ЖОО бірінші басшысы қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт беріледі.
Транскрипте білім алушы игерген барлық оқу пәндері және (немесе) қорытынды бақылау (емтихан) бойынша барлық алынған бағалар, оның ішінде «қанағаттанарлықсыз» бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағалары міндетті түрде жазылады.
45. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін ЖОО-да білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады және оның құрамын ЖОО белгілейді.
ӘАОО-да қорытынды аттестаттауды өткізу үшін «Білім туралы» Заңның 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады.
46. Аттестаттау комиссияның құзыретіне төмендегілер кіреді:
1) білім беру бағдарламалары белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;
2) бітірушіге тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «бакалавр», «магистр» дәрежесін тағайындау;
3) кадрлар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
47. Бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.
48. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.
49. Қорытынды аттестаттаудан «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушы «білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған» және «диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған» немесе «кешенді емтиханды тапсыра алмаған» деп бірінші басшының бұйрығымен ЖОО-дан оқудан шығарылады.
ӘАОО-да қорытынды аттестаттаудан «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушы 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», 2012 жылғы 13 ақпандағы «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы», 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес «білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған» және «диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған» немесе «кешенді емтиханды тапсыра алмаған» деп ЖОО-дан оқудан шығарылады.
50. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын игергенін растаған және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға аттестаттау комиссияның шешімімен «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері немесе тиісті білім беру бағдарламасы бойынша біліктілік тағайындалады және бітіру туралы бұйрығының жарияланған күнінен бастап бес күн ішінде қосымшасы бар диплом тегін негізде беріледі.
Дипломға (транскрипт) қосымшада барлық оқу пәні, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстары, кәсіптік практика түрлері, қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білімді бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.
51. ЖОО білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекітеді.
Коммерциалық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған ЖОО-да білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.
52. Емтихандарды А, А – «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді емтихан немесе диплом жұмысын (жобасын) А, А – «өте жақсы» деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
53. Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
54. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген бітірушілердің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білім беру бағдарламасы және берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, білім беру ұйымының басшысы қол қойып, бітіру туралы бұйрық шыққаннан кейін бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
55. ЖОО кадрларды даярлау бағыты бөлінісінде бітіру жылы ішінде бітірушілердің кемінде 50%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 09.01.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
56. ЖОО-ның тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль және адамгершілік, конфессияаралық толеранттылықтың құқықтық мәдениетін, сондай-ақ білім алушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
ӘАОО-да тәрбие жұмысы «Білім туралы» Заңның 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларында айқындалған қосымша жұмыс түрлерін қамтиды.
57. Тәрбие қызметі білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының адами қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.
ЖОО-да тәрбие жұмысы қазақстандық бірегейлік пен бірлік, «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы рухани-адамгершілік құндылықтары, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне атымен төзбеушілік негізінде жүзеге асырылады.
ЖОО білім алушылар өз еркімен құрған студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызмет етуін қамтамасыз етеді. Студенттік өзін-өзі басқару органдары студенттер құрамынан төрағаны және төраға орынбасарын тағайындайды және оларға білім алушылардың мүдделері жөніндегі мәселелерді талқылау кезінде ЖОО-ның алқалы басқару органның отырыстарына қатысуға рұқсат етіледі.
58. ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыс қызмет түрлеріне сәйкес:
1) іргелі, қолданбалы, іздеу (бастамашылық), ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде инновациялық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізуді;
2) тапсырыс бойынша, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды;
3) студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды;
4) оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізуді әзірлеуді;
5) ӘАОО қоспағанда, зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыруды, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың тетігін құруды және ендіруді;
6) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды қамтиды.
59. ЖОО халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады.
ЖОО-лар шетелдік білім беру, ғылыми және мәдени ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстарды орнатады, ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.
Бұл ретте, ЖОО шет мемлекеттің мәдениетімен, дәстүрлерімен, тұрмыс-салттарымен және тілін игерумен байланысты қызметі бар шетелдік құрылымдық бөлімшелерді (институттарды, орталықтарды, кафедраларды және т.б.) ашу мәселесін білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша ЖОО халықаралық ынтымақтастықты іске асыру және шетелдік құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, орталықтардың, кафедралардың) қызметі туралы есептерді жолдайды. 
ӘАОО-лар шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.
60. ӘАОО халықаралық шарттар мен келісімшарттарға сәйкес шетелдік азаматтар қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқылы.
61. ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
62. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.
ЖОО-лар білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен және (немесе) электрондық ресурстармен қамтамасыз етеді.
63. ЖОО-ларда веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ЖОО-ның жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын және кең жолақты әрі жоғары жылдамдықты интернетке қосылған тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы құрылады.
64. Тиісті дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, өндірістік шеберханалардың, полигондардың, спорт залдарының және оның қызметін қамтамасыз ететін және оған меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі орынжайлардың болуы ЖОО қызметінің міндетті шарты болып табылады.
65. Қаржылық ресурстар көздеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асырудан алынған қаражат көздері жатады.
66. ЖОО қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемінде бөлінген бюджеттік қаражатты және бюджеттен тыс қаражатты жұмсайды.
Жоғары және (немесе) жоғары
 оқу орнынан кейінгі білім беру
 ұйымдары қызметінің үлгілік
 қағидаларына
 1-қосымша
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
Балдардың сандық эквиваленті
Балдар (%-тік құрамы)
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
Жақсы
В
3,0
80-84
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
С
2,0
65-69
Қанағаттанарлық
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D-
1,0
50-54
FX
0,5
25-49
Қанағаттанарлықсыз
F
0
0-24
Жоғары және (немесе) жоғары
 оқу орнынан кейінгі білім беру
 ұйымдары қызметінің үлгілік
 қағидаларына
 2-қосымша
Білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шәкілесіне сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Жалпыеуропалық шет тілді меңгерудің құзыреті (бұдан әрі – ОЕК) бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
Әріптік жүйе бойынша бағалар
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
Балдардың сандық эквиваленті
%-дық құрамы
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
А1
А
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
В
3,33
85-89
Жақсы
В
С
3,0
80-84
Жақсы
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
С
D
2,0
65-69
Қанағаттанарлық
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
E
1,0
50-54
Қанағаттанарлық
F
FX, F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
Әріптік жүйе бойынша бағалар
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
Балдардың сандық эквиваленті
%-дық құрамы
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
А2
А
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
В
3,33
85-89
Жақсы
В
С
3,0
80-84
Жақсы
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
С
D
2,0
65-69
Қанағаттанарлық
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
E
1,0
50-54
Қанағаттанарлық
F
FX, F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
Әріптік жүйе бойынша бағалар
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
Балдардың сандық эквиваленті
%-дық құрамы
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
В1
А
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
В
3,33
85-89
Жақсы
В
С
3,0
80-84
Жақсы
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
С
D
2,0
65-69
Қанағаттанарлық
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
E
1,0
50-54
Қанағаттанарлық
F
FX, F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
Әріптік жүйе бойынша бағалар
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
Балдардың сандық эквиваленті
%-дық құрамы
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
В2
А
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
В
3,33
85-89
Жақсы
В
С
3,0
80-84
Жақсы
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
С
D
2,0
65-69
Қанағаттанарлық
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
E
1,0
50-54
Қанағаттанарлық
F
FX, F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
Әріптік жүйе бойынша бағалар
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
Балдардың сандық эквиваленті
%-дық құрамы
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
С1
А
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
В
3,33
85-89
Жақсы
В
С
3,0
80-84
Жақсы
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
С
D
2,0
65-69
Қанағаттанарлық
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
E
1,0
50-54
Қанағаттанарлық
F
FX, F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
Әріптік жүйе бойынша бағалар
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
Балдардың сандық эквиваленті
%-дық құрамы
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
С2
А
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
В
3,33
85-89
Жақсы
В
С
3,0
80-84
Жақсы
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
С
D
2,0
65-69
Қанағаттанарлық
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
E
1,0
50-54
Қанағаттанарлық
F
FX, F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз












Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 30 қазандағы
 № 595 бұйрығына 6-қосымша
Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – «Бiлiм туралы» Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Мамандандырылған білім беру ұйымы мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламалары бойынша білім беруді іске асырады.
3. Мамандандырылған білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. Жарғыны мамандандырылған білім беру ұйымы әзірлейді.
4. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының мақсаты – серпінді дамып келе жатқан ортада өзін өзі белсендіруге дайын бәсекеге қабілетті тұлғаны және дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
5. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының міндеттері:
1) тереңдетілген білім беруді іске асыру;
2) елдің зияткерлік әлеуетін сақтау және көбейту;
3) дарынды балаларды оқытудың дараландырылған сипатын және білім алушылардың мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын сапалы игеруін қамтамасыз ету;
4) дарынды балалардың өзіндік, жобалық және зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын жетілдіру;
5) ұлттық мақтаныш, азаматтық абырой, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік сезіміне ие азамат пен патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру.
6. Мамандандырылған білім беру ұйымының мынадай бағыттары бар: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, хореографиялық, көркем-эстетикалық, әскери, спорттық.
2-тарау. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
7. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру «Бiлiм туралы» Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін «Бiлiм туралы» Заңның 57-бабына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
9. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті кадрлардың, қажетті материалдық-техникалық базаның және тиісті оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің және білім беру процесін ғылыми сүйемелдеудің болуы қажет. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті жағдайлар жасалады.
10. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі «Бiлiм туралы» Заңның 5-бабының 11) тармақшасында бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
11. Мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген үлгілік оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.
12. Мамандандырылған білім беру ұйымы оқу жұмыс жоспарын және мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуді дербес жүзеге асырады.
13. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім алушылардың сұраныстарына және кадр әлеуетінің мүмкіндіктеріне сәйкес бейінді пәндер ішіндегі білім саласын, сондай-ақ қолданбалы курстар мен факультативтерді айқындайды.
14. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының әрбір деңгейдегі сынып-жиынтықтарының және сыныптардағы білім алушылардың саны тиісті жағдайлар болған кезде қалыптастырылады.
15. Қазақ (орыс тілінде оқытылатын сыныптар үшін) және орыс (қазақ тілінде оқытылатын сыныптар үшін) тілдерін, ақпараттық-есептеу техникасының, ритмика, хореография, музыка, дене тәрбиесі, технология, көркем пәндер негіздерін оқу, сондай-ақ бейіндік пәндер бойынша зертханалық, практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде сыныптарды 2 топқа, шет тілдерін және шетел тілінде оқытатын пәндерді оқыту кезінде 3 топқа бөлуге рұқсат етіледі.
16. Жалпы орта білім беру деңгейінде таңдау бойынша пәндерді (тереңдетілген деңгей) шет тілінде оқу кезінде сыныптарды 2-3 кіші топқа бөлуге рұқсат етіледі.
17. Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативтік кесте, деңгейлік бөлу жүйесі, консультациялар және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік саралауды жүзеге асыру мамандандырылған білім беру ұйымының толық күн режимінде жұмысын талап етеді.
18. Мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілісті көздейді.
19. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылар мен тәрбиеленушілерде патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты көзқарасты, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
20. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
21. Мамандандырылған білім беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға, мамандандырылған білім беру ұйымының жарғысына және құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер мамандандырылған білім беру ұйымының алқалық басқару нысандары болып табылады.
23. Тікелей басшылықты «Бiлiм туралы» Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес және қамқоршылық кеңесінің келісімі бойынша тағайындалатын басшы жүзеге асырады.
24. Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі «Бiлiм туралы» Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы «Бiлiм туралы» Заңның 45-бабының 5) тармақшасына сәйкес аттестаттаудан өтеді.
26. Материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша мамандандырылған білім беру ұйымы шарттық негізде өзінің қызмет бағытына сәйкес жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды.
27. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын қаржыландыру «Бiлiм туралы» Заңның 62-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 
28. Мамандандырылған білім беру ұйымының қызметін қаржыландыру:
1) мемлекеттік - жергілікті және республикалық бюджет қаражаты;
2) «Бiлiм туралы» Заңның 63-бабына сәйкес ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден және басқа да қызмет түрлерінен алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
29. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша бюджеттен тыс қаражат есебінен халықаралық қызметке қатысады.
30. Мамандандырылған білім беру ұйымы оқыту, тағылымдамадан өту, тәжірибе алмасу, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар, конкурстар жұмысына қатысу бойынша халықаралық қызметті жүзеге асырады.
31. Мамандандырылған білім беру ұйымын қайта ұйымдастыру және тарату «Бiлiм туралы» Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 30 қазандағы
 № 595 бұйрығына 7-қосымша
Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Бiлiм туралы» Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан, арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Арнайы білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Заңды, осы Қағидаларды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға олардың білім алуы, даму бұзылуының түзетуі және әлеуметтік бейімделуі үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
3. Арнайы білім беру ұйымдарына:
1) «Бiлiм туралы» Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі – МЖМБС) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;
2) түзету жеке, топтық және кіші топтық дамыту сабақтарын өткізуге бағытталған арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары); 
3) білім беру бағдарламаларын игеру үшін ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындау мақсатында, сондай-ақ арнайы білім беретін оқу бағдарламаларының түрін айқындау және білім беру ұйымдарына жіберу үшін арнайы оқу диагностикалық бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – ПМПК) жатады.
4. Арнайы білім беру ұйымдары жалпы білім беретін ұйыммен міндеттерді шеше отырып, бір мезгілде жоғалған функцияларды қалпына келтіруге, бастапқы және қайталама бұзушылықтарды түзетуге, сақталған талдағыштар функцияларын дамытуға бағытталған ерекше міндеттерді орындайды.
5. Арнайы білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Арнайы білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
6. Арнайы білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады және «Бiлiм туралы» Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес құрылады.
7. Интеллектісі сақталған балалар оқитын арнайы орта білім беру ұйымдарының сыныптарында білім беру қызметін бейін бойынша педагогикалық білімі бар педагогтар жүзеге асырады.
Интеллектуалды жеткіліксіздігі бар балалар оқитын сыныптарда білім беру қызметін арнайы педагогикалық білімі бар мұғалімдер жүзеге асырады.
Түзету компонентінің барлық сабақтарын «Бiлiм туралы» Заңның 51-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес аттестаттаудан өтетін арнайы педагогикалық білімі бар педагогтар жүргізеді.
Интернат үлгісіндегі арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің педагогикалық білімі болады.
8. Арнайы білім беру ұйымдарының (топтардың) білім беру қызметі арнайы білім беру ұйымдарына арналған үлгілік арнайы оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
9. Үлгілік арнайы оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары негізінде әрбір ұйымда «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) ПМПК ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын арнайы білім беру ұйымының жұмыс ерекшелігін, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары әзірленеді.
Оқу жұмыс, жеке жоспарлар мен бағдарламалар педагогикалық кеңесте қаралады және білім беруді басқару органының келісімі бойынша ұйымның басшысы бекітеді.
10. Білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарына, арнайы оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады және жылдық күнтізбелік оқу жоспарымен және сабақ кестесімен регламенттеледі.
Білім алушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы және жалпы білім беретін оқу бағдарламалары арнайы ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту нысанында, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы берген рұқсатымен экстернат нысанында игеріледі.
Үйде оқытуды, еркін қатысуды, білім алудың жеке нысандарын үйлестіруге рұқсат етіледі.
11. Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары қажет болғанда каникул кезінде балаларға арналған түзету сабақтарын ұйымдастыру мәселелері бойынша заңды өкілдер үшін консультациялар өткізеді.
12. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша факультативтік сабақтарды өткізу кезінде сынып екі топқа бөлінеді. 
Қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекті ұйымдастыру кезінде 5 сыныптан бастап сынып оқушылардың еңбек дайындығының бейіндерін есепке ала отырып топтарға бөлінеді.
Бесінші сыныптан бастап кәсіптік-еңбекке баулу бойынша, ал ақыл-есі кеміс балалар үшін төртінші сыныптан бастап білім алушылар екі топқа бөлінеді. 
Еңбек түрлері бойынша топтарды жасақтау дәрігердің ұсынымдары негізінде оқушылардың психофизикалық жай-күйі мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
13. Сабақ кестесін әкімшілік әзірлейді және арнайы білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
14. Сабақ кестесінде оқу және жеке түзету сабақтарының күн сайынғы саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.
Сабақтардың ұзақтығы белгіленген нормаларға сәйкес келеді және сағат 8-ден кейін басталады.
15. Оқу-тәрбие процесі баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық және клиникалық зерттеу деректерімен негізделген сараланған және жеке көзқарас қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Балалардың сөйлеу ерекшеліктерін, зейінін, жұмысқа қабілеттілігін, олардың даму динамикасын, оқушылардың нақты білімін, олардың оқу материалын меңгеру мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін жүйелі түрде зерделеу оқушының даму перспективасын анықтау және түзету жұмысының құралдарын таңдау үшін жүргізіледі.
16. Оқу аптасының ұзақтығын тиісті білім беруді басқару органымен келісім бойынша педагогикалық кеңес белгілейді және жарғыда бекітіледі.
17. Дамуындағы ауытқушылықтарды жеңу мақсатында арнайы ұйымда білім алушылар (тәрбиеленушілер) үшін топтық және жеке түзету сабақтары (дефектолог, логопед, олигофренопедагог, тифлопедагог және сурдопедагог) өткізіледі.
18. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі МЖМБС шеңберінде оқуда қиындықтары бар оқушылар үшін де, анағұрлым қабілетті балалар үшін де оқытудың жеке бағдарламалары мен оқу жоспарларын бекітеді.
19. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, МЖМБС сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымында еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттілікке бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларды ескере отырып және тәрбиеленушілердің психофизикалық дамуының, денсаулығының жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, жеке еңбек қызметі үшін білім алушыны (тәрбиеленушіні) даярлауды қамтитын еңбек бейінін таңдау негізінде жүзеге асырылады.
20. Балаларды арнайы білім беру ұйымдарына жіберу заңды өкілдердің келісімімен және ПМПК-ның қорытындысы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Білім алушы (тәрбиеленушілер) арнайы мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымының арнайы сыныбына (тобына) ПМПК қорытындысы негізінде заңды өкілдерінің келісімімен арнайы білім беру ұйымында оқу мен тәрбиелеудің бірінші жылынан кейін ғана ауыстырылады.
Ақау құрылымы күрделі білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) арналған сыныптар (топтар) оқу-тәрбие процесі жағдайларында психологиялық-медициналық-педагогикалық бақылау барысында осындай тәрбиеленушілердің анықталуына қарай арнайы білім беру ұйымында жасақталады.
21. Білім алушыларды (тәрбиеленушіні) арнайы білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауыстыруды ПМПК қорытындысы негізінде баланың заңды өкілдерінің келісімімен білім басқармасының органдары жүзеге асырады.
22. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларын игеру кезінде ерекше табыстарға қол жеткізген түлектерге үздік білім туралы құжаттар беріледі.
Интеллектуалды бұзушылықтары бар түлектерге «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың түрлері мен нысандарына және оларды беру қағидаларына сәйкес тиісті білім деңгейі туралы құжат беріледі.
23. Арнайы білім беру ұйымы персоналын жасақтау тәртібі оның жарғысымен және «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының тізбесін, педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес регламенттеледі.
24. Арнайы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне арналған нормативтік оқу жүктемесі:
бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлері аптасына 18 сағатты, тәрбиешілер үшін 25 сағатты құрайды;
мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар аптасына 24 сағатты құрайды;
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары – 18 сағат;
мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар, ПМПК аптасына 24 сағатты; ПМПК басшылары мен медициналық статистері үшін 30 сағатты құрайды.
Педагогтар үшін ағымдағы жылы белгіленген оқу жүктемесінің көлемі осы жылдың соңына дейін әкімшіліктің бастамасы бойынша өзгермейді.
25. Арнайы білім беру ұйымында медициналық қамтамасыз етуді штаттық медициналық қызметкерлер жүзеге асырады, олар арнайы ұйымның әкімшілігімен бірлесіп, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын сақтауға және олардың психофизикалық жай-күйін нығайтуға, диспансерлеуге, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге жауап береді және санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимнің сақталуын, дене тәрбиесі мен шынықтыру, тамақтану, оның ішінде диеталық тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылайды.
26. Медициналық қызметкерлер педагогтарға білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығы мен даму ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жеке және сараланған қатынасты ұйымдастыруда көмек көрсетеді, медициналық-педагогикалық түзету, еңбекке баулу бейінін іріктеу, кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру, заңды өкілдерге аурулардың алдын алу мақсатында үй жағдайында қорғау режимін сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді.
27. Арнайы білім беру ұйымдарында дәрі-дәрмекпен және физиотерапевтік емдеу, климаттық емдеу және шынықтыру, емдік дене шынықтыру, массаж және психотерапия жүргізіледі.
28. Білім беру ұйымының басшысы «Бiлiм туралы» Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
29. Білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі «Бiлiм туралы» Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
30. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. Педагогикалық, қамқоршылық және әдістемелік кеңестер білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары болып табылады.
31. Арнаулы білім беру ұйымдары «Бiлiм туралы» Заңның 43-бабында белгіленген нормалар шегінде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
32. Арнайы білім беру ұйымдарын қаржыландыру «Бiлiм туралы» Заңның 62-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
33. Арнайы білім беру ұйымдары жергілікті жағдайларға қарай қосалқы шаруашылықтар, оқу-тәжірибе учаскелерін, оқу-өндірістік шеберханалар құрады.
34. Арнайы білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату «Бiлiм туралы» Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 30 қазандағы
 № 595 бұйрығына 8-қосымша
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзiрленген және меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетiм балаларға және ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының қызметiн реттейдi.
2. Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымы) – жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орын берiп, олардың тәрбиеленуiне, бiлiм алуына қолайлы жағдай жасалатын бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары болып табылады.
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитын және (немесе) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттік қамтамасыз етіледі.
4. Білім беру ұйымы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Констуциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Баланың құқықтары туралы» Заң), осы Қағидаларға және білім беру ұйымының жарғысына, басқа да нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырады.
5. Білім беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Білім беру ұйымы тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес дербес әзірлейді.
Білім беру ұйымы оқушылардың бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақтануды және табиғи және жас өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
6. Бiлiм беру ұйымдары нақты мiндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне талаптарға қарай:
1) мектепке дейiнгi жастағы балалар үшiн;
2) мектеп жасындағы балалар үшiн;
3) ерте, мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалар үшiн құрылады.
7. Бiлiм беру ұйымдарында әр жастағы және бiрыңғай жастағы тәрбие топтары құрылады.
8. Бiлiм беру ұйымында медициналық қызмет көрсетудi штаттық медициналық персонал жүзеге асырады, ол ұйымның әкiмшiлiгiмен және денсаулық сақтау жүйесінің аумақтық ұйымдарымен бiрлесе отырып, балалардың денсаулығын қорғауды, олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуды, профилактикалық iс-шаралар жүргiзудi, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз eтeдi.
9. Білім беру ұйымдарының қызметін бақылау 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы заңдарына, «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген жүзеге асырылады).
2-тарау. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртібі
10. Бiлiм беру ұйымына бүкiл күнтiзбелiк жыл бойы туғаннан бастап 18 жасқа дейiнгi (жасөспірімдер үйлерiне – балалар үйлерiнің, балалар қалашықтарының және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың бiтiрушiлерi 23 жасқа дейiнгі):
1) жетiм балалар;
2) ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.
11. Медициналық көрсетімдер бойынша немесе басқа себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту «Баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес бөлек жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.
12. Білім беру ұйымына жiберiлетiн әр балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар мынадай құжаттар ұсынады:
1) бiлiм беру ұйымына жiберу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi;
2) туу туралы куәлiк (жеке куәлік);
3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттар;
4) бiлiм туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшiн);
5) баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi;
6) ата-анасы туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар);
7) жақын туыстарының болуы және тұрғылықты жерi туралы анықтама;
8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтер;
9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар;
10) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі, алименттер өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi (оларды балаға ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алған жағдайда).
13. Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие процесі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымында тәрбие жұмысы тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгi мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидаттарында жүргiзiледi.
Жергілікті атқарушы органдар мектебi жоқ бiлiм беру ұйымының мектеп жасындағы тәрбиеленушiлерiнің тиiстi елді мекеннің жалпы бiлiм беретiн мектепте оқуын қамтамасыз етедi.
14. Бiлiм беру ұйымында тәрбиеленушiлердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ ынталары мен қабiлеттерiн жан-жақты дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылады.
Бiлiм беру ұйымы тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегi, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегi, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептерiндегi, мектептен тыс ұйымдардағы үйiрмелерге, секцияларға баруын қамтамасыз етедi.
15. Бiлiм беру ұйымында мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың туыстық қатынастарын сақтау мақсатында құрылады.
16. Мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) өз қызметiнде Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметінің үлгiлік қағидаларын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.
17. Мектепке дейiнгi жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және олардың күн тәртiбi мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес және «Білім туралы» Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Білім беру ұйымында болу кезінде әр тәрбиеленушіге:
1) өмірі мен денсаулығының сақталуына;
2) қадір-қасиетінің қорғалуына;
3) дене, моральдық немесе психикалық зорлықтың барлық нысандарынан қорғалуына;
4) оның шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарының дамуына;
5) дамудағы кемшіліктерді түзеуде білікті көмек алуына;
6) бейімділігіне, қабілеттеріне, тілегіне және денсаулық жағдайына сәйкес қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін алуына кепілдік беріледі.
19. Бiр бiлiм беру ұйымынан басқасына ауысқан немесе бiтiрген кезде тәрбиеленушiге:
1) туу туралы куәлiк (жеке куәлiк);
2) білім беру ұйымында болғаны туралы анықтама;
3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы анықтама;
4) бiлiмi туралы құжат;
5) ата-аналары немесе туыстары туралы мәлiметтер қамтылған құжат;
6) егер жеке iсiнде болса, мүлiкке, ақшалай қаражатқа, бұрын ол немесе ата-анасы тұрған тұрғын үй алаңына оның құқығын растайтын құжаттар, дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі, алименттер өндiруге арналған атқару парағы және басқа да құжаттар берiледi.
20. Бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушiлерiн бiтiрту ұйымның педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен, ол болмаған жағдайда – ұйым әкімшілігінің шешімімен жүргiзiледi.
21. Педагогикалық, әдістемелік және қамқоршылық кеңестер білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары болып табылады.
22. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі «Бiлiм туралы» Заңның 45-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру «Бiлiм туралы» Заңның 45-бабының 5) тармақшасына сәйкес бес жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
24. Білім беру ұйымдарының персоналын жасақтау «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес регламенттеледі.
25. Білім беру ұйымы жергілікті жағдайларға қарай оқу шаруашылықтарын, оқу-тәжірибе учаскелерін, оқу-өндірістік шеберханаларды құрады.
26. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік білім беру ұйымы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
27. Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
28. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату «Бiлiм туралы» Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 30 қазандағы
 № 595 бұйрығына 9-қосымша
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзiрленген, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы) өз қызметінде білім беру саласындағы заңнаманы, осы Қағидаларды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысын, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында «Білім туралы» Заңның 37-бабына сәйкес білім алушылардың білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады.
4. Мемлекет балалар үшін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерінің қолжетімділігін, олардың қосымша білім алуы үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
5. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының негізгі міндеттері:
1) жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, дене бітімі мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру;
3) адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру;
4) азаматтылық пен отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, халықтың дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу;
5) бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.
6. Балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары орта білім беру ұйымдарында іске асырылады.
2-тарау. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
7. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы «Білім туралы» Заңның 42-бабына сәйкес белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
8. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалардың сұраныстарын, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер) ұйымдардың қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени дәстүрлерді ескере отырып, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.
9. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметін педагогтар, әдіскерлер, педагог-ұйымдастырушылар және оларға теңестірілген адамдар (бұдан әрі – педагог қызметкерлер), тиісті бейіндегі мамандар жүзеге асырады.
10. Балаларға арналған қосымша білім беру мемлекеттік ұйымының басшы кадрларының және педагог қызметкерлерінің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандарының біліктілігін арттыру бес жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
11. Педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын алқалы басқару нысандары болып табылады. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
12. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау «Білім туралы» Заңның 51-бабының 3) тармагының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік білім беруді басқару органдары өз құзыреттеріне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
Жаңадан құрылған қосымша білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау үш жылдан кейін өткізіледі.
14. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы ақылы негізде білім беру және өзге де қызметтерді ұсынады, «Білім туралы» Заңның 62-бабының шеңберінде осы қызметтен алынған кірістерге дербес иелік етеді.
15. Қосымша білімнің білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде оқу-тәрбие процесі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қызығушылықтар бойынша бірлестіктерінде (клуб, студия, ансамбль, топ, үйірме, театр) (бұдан әрі – бірлестіктер) жүзеге асырылады.
16. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында балалардың қызметі қызығушылықтары бойынша бірыңғай жастағы және түрлі жастағы бірлестіктерде жүзеге асырылады. Қызығушылықтары бойынша бірлестіктерді қалыптастыру балалардың ерікті таңдауына негізделеді.
17. Әр бала бірнеше үйірмелерге барады, оларды қалауы бойынша ауыстырады.
18. Қызығушылықтар бойынша бірлестік қызметінің мазмұнын оқу жоспарлары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын ескере отырып қосымша білім беру педагогы айқындайды.
19. Сабақтар бір тақырыптық бағыттағы қосымша білімнің білім беру бағдарламалары немесе кешенді, кіріктірілген бағдарламалар бойынша өткізіледі, барлық оқу жылына да, сол сияқты одан қысқа мерзімге де ұйымдастырылады.
20. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы шарт бойынша және (немесе) ұйымдармен, кәсіпорындармен бірлесіп, балалардың бейіндік дайындығын жүргізеді. Біліктілік емтихандарын тапсырған білім алушыларға бағалар қойылады және (немесе) бейіні бойынша (көркемдік, музыкалық және өнер мектептері) біліктілік беру туралы куәлік беріледі.
21. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесі тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
22. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында әдістемелік жұмыс, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, педагог қызметкерлердің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
23. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызметтер құрылады.
24. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында жарғыларға және осы Қағидаларға сәйкес әрекет ететін балалардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдары құрылады.
25. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалармен жұмысты күнтізбелік жыл бойы ұйымдастырады. Демалыс уақытында қажеттілігіне қарай клубтар, лагерьлер және туристік базалар ашылады, өз базасында немесе балалардың тұрғылықты жері бойынша лагерьлерде (қала сыртында немесе күндізгі болу) балалардың тұрақты және (немесе) ауыспалы құрамымен түрлі топтар құрылады, шеберлік сабақтары өткізіледі.
26. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары орта білім беру ұйымдарымен бірлесіп, сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта жалпы білім беру пәндері мен қосымша білім беру бойынша сабақтар мен біріктірілген сабақтар өткізеді.
27. Қосымша білім беру ұйымдарындағы сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды.
28. Бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде бірлестіктердің жұмысына балалардың заңды өкілдері қатысады.
29. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балаларды қабылдау кезінде балалардың заңды өкілдерін оқу-тәрбие процесінің жүргізілуімен және мазмұнымен, жарғымен таныстыруды қамтамасыз етеді.
30. Қызметкер мен балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
31. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі «Білім туралы» Заңның 45-бабының 3) тармақшасында айқындалған.
32. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендруді қамтамасыз етеді.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 30 қазандағы
 № 595 бұйрығына 10-қосымша
Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
2-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысандарына қарамастан, ересектерге арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Ересектерге арналған қосымша білім беруді білім беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) жүзеге асырады.
3. Білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы заңдарына, Қазақстан Республикасының білім беру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға және олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
4. Білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:
1) технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптардың тұрақты артуын ескере отырып, жұмысшылардың, қызметшілердің, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
2) бұрын алынған кәсіптік білімдер, біліктілік пен дағдыларды тереңдету және жетілдіру;
3) еңбек нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты қосымша біліктілікті алу арқылы кәсіптік мүмкіндіктерді кеңейту болып табылады.
2-тарау. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібi
5. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 42-бабына сәйкес осы Үлгілік қағидаларда және ұйымдардың жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу және орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметте дербес болады.
6. Білім беру ұйымының оқу және тәрбие процесінде негізі ұйым жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу болып табылады.
7. Білім беру ұйымдарының оқу процесі оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу процесінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, күнтізбелік кестелерін ұйымдар бекітеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту кезінде олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жағдайлар жасалады.
8. Ересектерге арналған қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен білім алушылардың білім деңгейін қорытынды бағалауды құрамын білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін емтихан комиссиялары жүргізеді.
9. Білім алушы оқу жоспарының талаптарын орындамаған және білім беру ұйымының жарғысын бұзған жағдайда, ол білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен білім алушылар құрамынан шығарылады.
10. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау кәсіпорындармен (бірлестіктермен), білім беру ұйымдармен, жұмыспен қамту органдарымен, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
11. Ересектерге арналған қосымша білімді алған адамдарға белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.
12. Мамандардың біліктілікті арттырудан өту кезеңділігін Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші белгілейді.
13. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады.
14. Ересектерге арналған қосымша білім беру жұмыс берушілердің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен оқу шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Ересектерге арналған қосымша білім беру нысандарын, мазмұнын, көлемін тиісті мамандық бойынша қолданыстағы қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жұмыс беруші айқындайды.
Оқуға қабылдау ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
Білім алушыға оқу кезінде оның осы ұйымда оқуда болу мерзімін куәландыратын анықтама беріледі.
15. Шетел мемлекеттері азаматтарының ересектерге арналған қосымша білім алу тәртібі халықаралық келісімдермен және «Білім туралы» Заңның 65- бабына сәйкес айқындалады.
16. Ересектерге арналған қосымша білім беру бюджет қаражаты есебінен де, ақылы негізде де жүзеге асырылады.
Ақылы негіздегі оқу құнын «Білім туралы» Заңның 63-бабының 4) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымы айқындайды.
Медициналық және фармацевтік қызметкерлердің қосымша білім алуы бюджет қаражаты есебінен аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарда институционалдық аккредиттеуден өткен оқыту ұйымдарында жүзеге асырылады.
17. Білім беру ұйымдарының білім алушылары:
1) білім беру бағдарламаларының мазмұнын айқындауға қатысады;
2) қосымша білім беру бағдарламаларын игеру үшін қажетті нормативтік және нұсқаулық құжаттарды, оқу және оқу-әдістемелік материалдарды, сондай-ақ кітапханалық және ақпараттық қорды, басқа да бөлімшелердің қызметтерін пайдаланады;
3) конференцияларға және ғылыми семинарларға қатысады, білім беру ұйымдарының басылымдарында өз рефераттарын, еңбектерін және басқа да материалдарды жариялайды.
18. Біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өтіп жатқан қызметкерлер Еңбек кодексінде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген кепілдіктерді пайдаланады.
19. Жұмыс беруші Еңбек кодексінде, келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген жұмысты оқумен қоса атқару үшін біліктілікті арттырудан өтіп жатқан қызметкерлерге жағдайлар жасайды.
20. Білім беру ұйымының қызмет етуі және дамуы үшін біліктілікті арттырудың қажеттілігін және көлемін жұмыс беруші айқындайды.
21. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшысы жүзеге асырады. Білім беру ұйымының басшысы «Білім туралы» Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
22. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы «Білім туралы» Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жауапкершілікте болады.
23. Білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату «Білім туралы» Заңның 42-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз ете
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив