16
сәуір
2019
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты 5–ші сыныптар арасында интеллектуалдық ойыны
2019ж 16 сәуір күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты 5–ші сыныптар арасында интеллектуалдық ойыны өткізілді. Мақсаты білім алушылардың жан – жақты білімдерін тексеру, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой – ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және көрсете білуге үйрету. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. 5а сынып «Сұңқар» тобы, 5ә сынып «Тұлпар» тобы, 5б сынып «Болашақ» тобы болды. Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады: 1.Ұшқыр ой 2.Құпия сандық 3.Ойлан, тап 4.Айшықты сөздер 5.Талапкер.