01
сәуір
2022
"Педагогикалық білім беру - ел еркендеуі мен тұрақтылығының негізі: жаңа мүмкіндіктер және заманауи трендтер" Дулати Халықаралық педагогикалық оқулары
Ағымдағы жылдың 1-сәуір күні Тараз өңірлік университеті М. Үркімбаев атындағы жастар сарайында "Педагогикалық білім беру - ел еркендеуі мен тұрақтылығының негізі: жаңа мүмкіндіктер және заманауи трендтер" Дулати Халықаралық педагогикалық оқулары өткізіліп, №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 8 мұғалімі мен директордың орынбасарлары қатысты. Педагогикалық оқудың пленарлық мәжілісінде ZOOM арқылы Ресей, Туркия, Португалия, АҚШ-тың және Қазақстанның Рhd педагогикалық ғылымдарының докторлары, қауымдастырылған профессорлары білім беру бағдарламасындағы халықаралық педагогикалық трендтер мәселесін қозғады. "Үздік педагогикалық өнім-2022" байқауының презентациясынан кейін кезек педагогикалық алаңға беріліп, "Білім беруді басқарудағы сапа саясаты" (жалпы орта білім беретін мектеп директорлары мен оқу ісінің меңгерушілері үшін) және "Жаңартылған білім беру мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру" тақырыптарында шебер сыныптар жүргізілді. Педагогикалық оқулары барысында 3 секция: "педагогикалық білім беру: заманауи трендтер және жаңа мүмкіндіктер"; "педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи тенденциялары: ұлттық құндылықтар, әлемдік тәжірибе, инновациялар "; "білімді ұлт"сапалы білім беру" ұлттық жоба аясында үздіксіз білім берудіңбасым бағыттары: инновациялық парадигма, технология және әдістеме" тақырыбында жұмыстар жүргізілді. Педагогикалық оқулар қорытындысы бойынша жүлделі І орынға қазақ тілі әдебиеті мен бастауыш сынып мұғалімдері Г. Наушабаева ("Үздік оқу-әдістемелік құрал"), А. Асанкулова ("Үздік инновациялық сабақ") ие болса, химия, ағылшын тілі пәні құзыреттілігімен Д. Байтанаева ("Үздік инновациялық жоба", "Үздік инновациялық сабақ") мен А. Атамкулова ("Үздік оқу-әдістемелік құрал") ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.