30
желтоқсан
2021
№561 бұйрығы негізінде біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы педагогтерді кезекті аттестаттау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына 12.11.2021ж №561 бұйрығы негізінде біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы педагогтерді кезекті аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Каримова 2021 жылдың қараша айында ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп, педагог - зерттеуші санатына мерзімінен бұрын аттестаттауға екінші кезеңде - портфолиосын жинақтап, сараптамалық кеңес қорытындысы бойынша өтініші қанағаттандырылды.