11
қараша
2022
2-4 сыныптар арасында «Алтын сақа» зияткерлік сайысы
№5 Ақарал ЖОББМГ бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлығы аясында 2-4 сыныптар арасында «Алтын сақа» зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыс мақсаты: Білім алушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу. "Жалғасын тап", "Кім шапшаң" кезеңінде білім алушылар мақалдың жалғасын, пән бойынша берілген сұрақтарға жылдам жауап таба білді. Сайыс барысында білім алушылар интеллектуалды озық ойлы, зерек,өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе алатындығы анықталды. Сайыс нәтижесі бойынша: ІІІ топ: Жігер тобы – 1 орын, І топ: Тапқыр тобы – 2 орын, ІІ топ: Намыс тобы – 3 орынға ие болды. Жауапты: А.Асанкулова