20
желтоқсан
2022
"Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі" тақырыбында ашық сабақ
20.12.2022ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Шеберлік палитрасы" ашық сабақтар шеруі аясында 9"а" сыныбында химия пәнінен lllтоп металдары. Алюминий және оның қосылыстары N7 көрсетілім "Алюминий мен оның құймалары", N9 зертханалық жұмыс "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: жас мамандарға оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері мен технологияларын, сабақ құрылымы мен методикасын тиімді қолдану, әдістемелік көмек көрсету.Сабақ барысында "Tık Tok", "Кинометография", "Эйлер шеңбері", әдістері тиімді қолданылды.Оқу мақсатына сәйкес білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар берілді.Білім алушылар топ бойынша,жеке жинаған балдары бойынша бағаланды.