01
ақпан
2024
5-8, 10 сыныптарда аралық аттестаттау ерекшеліктері" тақырыбында дөңгелек үстел
N5 Ақарал ЖОББМГ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен "Қазақ тілі" және қазақ тілді емес сыныптарда "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндерінен 5-8, 10 сыныптарда аралық аттестаттау ерекшеліктері" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында білім алушылардың жас ерекшелігіне орай оқылым, жазылым дағдыларын қолданып, эссе жазу және әдеби тіл нормалары мен тілдік бағдар аясында грамматикалық тапсырмалар орындау талаптары айтылды. Емтихан материалдарын дайындау барысында: бағалау критерийлері, рубрика жасау жолдары түсіндірілді.