27
ақпан
2024
А.Ермекова 5"а" сынып білім алушыларымен "Мәтінді есептер шығару. Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар орындау" тақырыбында ашық сабақ
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында математика информатика пәні әдістемелік бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айының 27 күні математика пәні мұғалімі А.Ермекова 5"а" сынып білім алушыларымен "Мәтінді есептер шығару. Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар орындау" тақырыбында ашық сабақ өтті. Білім алушыларға ұлттық құндылықтарды сабақтың әр кезеңінде дәріптеп отыру ұлттық киімдерімізді, ұлттық аспаптарымызды көне мағыналы сөздерімізді еске түсіріп білім алушыларға "Қолқа салу" сөзінің мағынасын терең түсіндіру арқылы білім алушылармен ондық бөлшектерге амалдар қолдана отырып, есептер шығару тапсырмалары ұсынылды. Топтық"Киіз үй", жұптық "Қолқа салу", жеке және деңгейлік тапсырмалар QR-код платформасы арқылы да орындалды. Математика пәні мұғалімі А.Ермекова.