19
сәуір
2024
"Жеке қозғалыс белсенділігі: Қысқа қашықтыққа жүгіру" тақырыбында 1"Ә" сынып білім алушыларымен ашық сабақ
19.04.2024ж №5 Ақарал ЖОББМГ көркемеңбек,денешынықтыру, АӘжТД,музыка пәндері бірлестігінің айлығы аясында "Салауатты өмір салты мен этно мәдениетін сабақтастыра отырып, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алатын, отансүйгіш зерделі тұлға тәрбиелеу" тақырыбына сәйкес "Жеке қозғалыс белсенділігі: Қысқа қашықтыққа жүгіру" тақырыбында 1"Ә" сынып білім алушыларымен ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында білім алушылар дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдану арқылы, денсаулықтарын нығайтуға, бос уақыттарын түрлендіріп, қызықты өткізуге болатыны туралы білді. Денешынықтыру пәні мұғалімі: Е.Бошкулов