04
сәуір
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5 сыныптар арасында мектепішілік Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімелерінен кітап оқу марафоны
05.04.2022жылы "2022 - Балалар жылына" орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5 сыныптар арасында мектепішілік Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімелерінен кітап оқу марафоны өткізілді.
Кітап оқу марафонның мақсаты:
Ұлы ағартушының шығармалары арқылы өскелең ұрпаққа адамгершілік пен адалдық қасиеттерін бойларына сіңіре отырып, ата-анасымен бірге кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Байқау 1 кезеңнен тұрды. Байқауға оқушылар ата-аналарымен қатысты.Байқаудың ашылуы жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар және оқушылар болып екіге бөлініп,тест тапсырды. Сұрақтарға жауаптар әр сұрақ үшін-1 балл беріліп, ата-анасымен оқушы балы қосылып жалпы ұпай саны шықты.
Тест нәтижесі бойынша қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бас жүлде-Велосипедті Қыдырбековтар отбасы иеленді
І орын- Самокатты Орынбасаровтар отбасы иеленді
ІІ орын-Самокатты Амангельдиевтар отбасы иеленді
ІІІ орын- Скейтбордты Достановтар отбасы иеленді
Оқушылар Ыбырай әңгімелерін оқи отырып кейіпкерлердің жақсы мінез - құлық, орынды іс - әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауды бойына сіңірді. Іс-шарамызға демеушілік көрсеткен Жомарт түлектерімізге алғысымызды білдіреміз!