04
қараша
2022
1-11 сынып ата-аналарының арасында "Құзіретті тұлға қалыптастырудағы ата-ана мен мұғалім ролі" тақырыбында оқыту, пікір алмасу алаңы
Мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері және ата - аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, бір - бірімен үнемі тығыз қарым - қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екіжақты тәрбиелеуге, оқытуға бағыт бағдар беру мақсатында 2022 жылдың 4 қазан күні 1-11 сынып ата-аналарының арасында "Құзіретті тұлға қалыптастырудағы ата-ана мен мұғалім ролі" тақырыбында оқыту, пікір алмасу алаңы өтті. Оқыту, пікір алмасу алаңы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде сынып жетекшілерінің мектеп әкімшілігімен бірлескен ағарту жұмыстары жүргізілді. Екінші бөлім консилиум түрінде өтті. Әр ата-ана баласына сабақ беретін пән мұғалімдерімен сұхбаттаса отырып, баласының оқу үлгерімі туралы ақпараттар алды.