24
желтоқсан
2023
"Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?" тақырыбында 1-4 сынып ата-аналарымен жиналыс
24.11.2023ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес "Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?" тақырыбында 1-4 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру. Ата-аналармен жұмыс барысында "Сәлемдесу" , "Бала сұлбасы" тренингісі, топтық жұмыстар жүргізіліп, когнитивтік дағдылар туралы мәліметтер берілді. Нәтижесінде ата-аналар: отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы ортаны құруды; бастауыш сынып оқушыларының когнитивтік дағдыларының ерекшеліктерін ажырата білуді меңгерді. Жауапты: 1-4сынып жетекшілері
https://www.facebook.com/100034067418941/videos/726377285661364/