"Мектеп пен отбасы бірлігі - болашақ ұрпақ тірлігі" тақырыбындағы өткізілген ата - аналар жиналысы
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2019 жылы 15 мамыр күні ата - аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттарының орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш жігерлерін біріктіру мақсатында "Мектеп пен отбасы бірлігі - болашақ ұрпақ тірлігі" тақырыбында ата - аналармен жиналыс өткізілді
Мектеп психологы Р. Молдобекова мектепте оқушыларға психологиялық кәсіби бағдар беру бағытының жұмыстары туралы баяндады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Бабижанова оқушылардың жазғы сауықтыру лагері және бос уақытын ұйымдастыру "Жаз - 2019" бойынша іс-шараларын сонымен қатар біріңғай мектеп формасын ұстануды жаңа оқу жылына мәселелерді талқылады.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қиқабаева мемлекеттік емтихан, мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауға қатысуын қамтамасыз ету мәселелерін айтып өтті