27
наурыз
2021
Үстел теннисінен жалпы ұстаздар арасындағы "Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласында 25-27 наурыз аралығында өткізілген жазғы Президенттік көпсайыстан дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасындағы Республикалық Турнирде ерлер арасында 24 - 30 жас, 30-34 жас ерекшеліктері бойынша мектебіміздің жас маманы, білікті де білімді ұстаздарымыздың бірі Айдабосынов Берік 2-ші орынға, Қойшыбаев Даурен 1-ші орынға ие болды. Үстел теннисінен жалпы ұстаздар арасындағы "Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін Республикалық Турнирінде Айдабосынов Берік пен Қойшыбаев Даурен 3 орынды қанжығаларына байлады. Сонымен қатар "Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі" куәлігі табысталып, төс белгісі берілді. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, дендеріне саулық, жұмыстарына табыс тілейміз! Жеңістеріңіз көбейе берсін!