04
наурыз
2023
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» аймақтық онлайн форматта оқыту - брифинг сессиясы
Мектепке мұғалімдік қызмет атқару үшін алғаш келген педагогке жан-жақты қолдау, әдістемелік көмек қажет. Жоғары оқу орнында алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруда, кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін арттыруда, өз функционалдық міндетін мінсіз атқаруда жас маманға тәлімгер көмекке келеді. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлбагира Рысбекқызы жас маман Бектас Саурамбаевқа барлық қойылатын талаптарға сай жүргізілген тәлімгерлік қызметін жүргізіп келеді. Жуырда «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтытының аға - оқытушылары Ф.Кулен мен А.Бейсенкулованың ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» аймақтық онлайн форматта оқыту - брифинг сессиясын өткізді. Мектебіміздің тәжірибелі ұстазы Г.Наушабаева «Кәсіби дамудың негізі - тәліп пен тәлімгердің үйлесімді шығармашылық іскерлігі» тақырыбында жұмысын көрсетіп, өз іс – тәжірибесімен облыс көлемінде бөлісті. Брифинг жұмысы нәтижесінде барлық спикерлерге Алғыс хаттар табыс етілді. Жас педагогтердің кәсіби білікті, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман болып қалыптасуына тәлімгер еңбегі ұшан теңіз.