20
қазан
2023
«Үздік мектеп моделі» жалпы білім беретін мектептерге арналған байқау
Аудан мектептері арасында жүргізілген «Үздік мектеп моделі» жалпы білім беретін мектептерге арналған байқауда мектебіміз «Үздік модификациялық бұрыш» және «Үздік кітапхана» аталымы бойынша жүлделі ІІ орынға және бағалы сыйлыққа ие болды. Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсілдерді дамыту: бірегей дизайн-жобаларды әзірлеу, ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру, инновациялық жобаларды жүзеге асыру, білім алушының шығармашылық әлеуетін дамытуға ынталандыратын фактор болуы, «Мектеп – бала – ата-ана» үштігі принципі бойынша тәрбиелік үйлесімін дамыту, эко бұрыштар, гүлдендіру, жайлы орта (жиһаздар) болуы, Coworking орталығы, жетістіктер бұрышы мен оқырмандар залы №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы білім алушылары үшін қолайлы орта жасалған.