Жетістіктеріміз » Страница 3 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
Республикалық "Алтын тұғыр" олимпиадасының аудандық кезеңі
18
қараша
2023
Республикалық "Алтын тұғыр" олимпиадасының аудандық кезеңі
Математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық "Алтын тұғыр" олимпиадасының аудандық кезеңінде  N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының  бастауыш сынып мұғалімі М.Бекасилова 1 орын жеңімпазы атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Сондай- ақ, А.Асанкулова ерекше жетістігі үшін Грамотамен марапатталды. Құттықтаймыз!!! 
"Үздік дене шынықтыру педагогі- 2023" байқауы
02
қараша
2023
"Үздік дене шынықтыру педагогі- 2023" байқауы
#5 Ақарал ЖОББМГ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айдабосынов Берік Қайсарбайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Ғылыми тәжірибелік орталығының" ұйымдастыруымен "Үздік дене шынықтыру педагогі- 2023" байқауына қатысып педагогикалық тәжірибесімен бөлісе отырып, өз маманының шебері екендігін дәлелдеп, белсенділік танытып, аудандық кезеңнен l орын, облыстық байқауда ll дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!! 
«Үздік мектеп моделі» жалпы білім беретін мектептерге арналған байқау
20
қазан
2023
«Үздік мектеп моделі» жалпы білім беретін мектептерге арналған байқау
Аудан мектептері арасында жүргізілген «Үздік мектеп моделі» жалпы білім беретін мектептерге арналған байқауда  мектебіміз «Үздік модификациялық бұрыш» және «Үздік кітапхана» аталымы бойынша жүлделі ІІ орынға және бағалы сыйлыққа ие болды. Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсілдерді дамыту: бірегей дизайн-жобаларды әзірлеу, ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру, инновациялық жобаларды жүзеге асыру, білім алушының шығармашылық әлеуетін дамытуға
Ұстаздар күніне орай өңірдің білім беру жүйесін дамытуға үлесі және  өскелең ұрпақтың оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері
05
қазан
2023
Ұстаздар күніне орай өңірдің білім беру жүйесін дамытуға үлесі және
5 қазан - Ұстаздар күніне орай өңірдің білім беру жүйесін дамытуға үлесі және  өскелең ұрпақтың оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы директоры Конкабаев Ниеткали Абдимомынович  Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!  
Ұстаздар күніне орай білім жүйесіндегі үздіксіз еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері
05
қазан
2023
Ұстаздар күніне орай білім жүйесіндегі үздіксіз еңбегі, өскелең
5 қазан - Ұстаздар күніне орай білім жүйесіндегі үздіксіз еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері және облыстық іс-шараларға белсене қатысып, озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Меркі ауданы, N5 Ақарал мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Ермаханбетова Шынар Әбдікерімқызы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды. 
Ұлттық мектеп лигасын насихаттауға сіңірген еңбегі үшін
03
қазан
2023
Ұлттық мектеп лигасын насихаттауға сіңірген еңбегі үшін
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шыныктыру істері комитеті  мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі Темирбеков Куаныш Бейсехановичті Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі және оқушылар арасында Ұлттық мектеп лигасын насихаттауға сіңірген еңбегі үшін  Алғыс хатпен  марапаттады. Құттықтаймыз!!! 
"Үздік сұрмерген" аталымы бойынша
02
қазан
2023
"Үздік сұрмерген" аталымы бойынша
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі Койшыбаев Даурен Қанатұлы Қазақстанның Футбол федерациясының ұйымдастырумен  өткен  Республикалық жағажай футболы мен Жамбыл облысының чемпионатының Жоғарғы лигасында "Үздік сұрмерген" аталымы бойынша  Дипломмен және бағалы сыйлықпен  марапатталды. Құттықтаймыз!!!  
"Бәсекелестік білім беру-оқушылардың болашақтағы табысының басты факторы" тақырыбында шығармашылық есеп
29
тамыз
2023
"Бәсекелестік білім беру-оқушылардың болашақтағы табысының басты
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының  мұғалімі, педагог-шебер Касымов Гани Сарсембайұлы аудан мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне өз іс-тәжірибесімен бөлісті Оқу үдерісінің кез-келген кезеңінде оқушылардың зерттеу дағдыларына кепілдік беру, әріптестерге креативті тапсырмалар арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын жоғарылатудың тиімді жақтарын көрсету мақсатында "Бәсекелестік білім беру-оқушылардың болашақтағы табысының басты факторы" тақырыбында шығармашылық
"Орта білім беретін үздік ұйым" конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы
25
тамыз
2023
"Орта білім беретін үздік ұйым" конкурсының облыстық кезеңінің
"Орта білім беретін үздік ұйым" конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы Жамбыл облысы әкімдігінің Меркі ауданының білім бөлімінің "#5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы #544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2016 жылғы 22 қаңтардағы #67 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айында өткен "Орта  білім беретін үздік  ұйым" конкурсының аудандық кезеңінде #5 Ақарал
"Үздік сапа-2023" аталымы
24
тамыз
2023
"Үздік сапа-2023" аталымы
24 тамыз  2023 жылы Қ.Жандарбеков атындағы балалар өнер мектебі базасында "ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ" тақырыбында білім саласы қызметкерлерінің аудандық тамыз кеңесі өткізілді. Кеңес қатысушылары үшін "Ауданның білім саласының дамуы" мен "Табыс траекториясы" атты білім беру ұйымдарының тәжірибесі: мұғалім, оқушылардың өнері, ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктері таныстырылды. Аудан әкімі Ж.Баубеков ұлағатты еңбек иелері ұстаздар қауымына құттықтауынан