Қамқоршылық кеңес құрамын құру туралы хабарлама
02.02.2018ж
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес – №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі.
Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.
Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.
Байланыс телефондары: Қабылдау бөлімі тел/ факс: 8/72632/5-44-84
Мектеп директоры: Койшиманова Нурила Сейсембаевна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Бабижанова Райхан Жолдасовна
Электрондық почта: akaral_school5@mail.ru