09
ақпан
2023
Қаңтар-ақпан айында тапсырған ҰБТ қорытындысы туралы
№5 Ақарал ЖОББМГ-ның мектеп директоры Н.Койшиманова 11 сынып білім алушыларымен қаңтар-ақпан айларында тапсырған ҰБТ-дің қорытындысы бойынша олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында пікір-алмасу өткізді. Білім алушылардың мектепте алған білімін ҰБТ-де дәлелдей алуын басты бағытта ұстай отырып, жүйелі дайындық жүргізу керектігі ескертілді. Білім алушыларымыз ҰБТ-де кездескен қиындықтарын айтып және сол бойынша өздерін шыңдау үшін жұмыс жүргізу керек екендігін түсінді. Сонымен қатар жоғары балл жинаған білім алушыларымыз өздерінің ҰБТ-ге қалай дайындық жасағанын, күн тәртібін дұрыс құрудың құпияларымен бөлісті.
🔸Құрметті мектебіміздің түлектері, алдағы тапсыратын тестілеуден бұдан да жоғары нәтижеге жететіндеріңізге біз сенеміз!
🔸Құрметті мектебіміздің түлектері, алдағы тапсыратын тестілеуден бұдан да жоғары нәтижеге жететіндеріңізге біз сенеміз!