20
ақпан
2023
"Мен және менің болашақ мамандығым" мамандық таңдау бойынша тәрбие сағаттар шеруі
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының 11 сынып білім алушыларымен "Кәсіби бағдар- болашаққа жол" тақырыбында, 9-10 сыныптар "Менің таңдауым - менің болашағым", 5-8 сыныптар "Менің болашақ мамандығым", бастауыш сыныптар "Мен және менің болашақ мамандығым" мамандық таңдау бойынша тәрбие сағаттар шеруін өткізді. Мамандық таңдау мәселесі - адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Әбу Насыр Әл Фараби: "...адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады, қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады" деген. Осы негізде тәрбие сағаттарында әрбір шәкірттің өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен таңдап отырған мамандықтары бойынша қосымша бағдар берілді. Мамандықты дұрыс таңдай білу- табысты өмірдің кілті болмақ..
Жауапты: кәсіптік бағдар беруші педагог және сынып жетекшілер