01
қазан
2024
9-11 сынып оқушылары үшін Б. Арыстанбаевтың жеке кәсіпкерлік құлпынай өсіру алқабына экскурсия
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында 1 қазанда 9-11 сынып оқушылары үшін Б. Арыстанбаевтың жеке кәсіпкерлік құлпынай өсіру алқабына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның басты мақсаты – құлпынай өсірудің ерекшеліктерімен танысып, ауылшаруашылық кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеру болды. Экскурсия барысында құлпынай өсірудің технологиялық үдерістері, олардың сорттары, өсіру шарттары, топырақ дайындау және күтім жасау әдістері туралы мағлұмат алынды. Сонымен қатар, құлпынай жинау науқанының өту барысы, өнімді сақтау және оны нарыққа жеткізу жолдары талқыланды. Іс-шара ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерліктің даму жолдарын және құлпынай бизнесінің экономикалық тиімділігін түсінуге септігін тигізді. Экскурсия нәтижесінде қатысушылар құлпынай шаруашылығы саласына деген қызығушылықтарын арттырып, көптеген пайдалы тәжірибе жинақтады.
Жауапты: кәсіби бағдар беруші педагог Д. Увалиева.