17
ақпан
2026
9-сынып білім алушыларына арналған кәсіптік бағдар беру бағытында кездесу
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 9-сынып білім алушыларына арналған кәсіптік бағдар беру бағытында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларға кәсіби бағдар беру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат ұсыну және саналы мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру.
Колледж мамандары білім алушыларға техникалық және кәсіптік білім берудің артықшылықтарын түсіндіріп, нақты мамандықтардың еңбек нарығындағы маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, оқу үдерісі, өндірістік тәжірибе, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толық жауап алды. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, оқушылардың белсенділігі байқалды.