Оқушылар жетістіктері » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Оқушылар жетістіктері
“СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР”
12
желтоқсан
2025
“СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР”
Ағымдағы жылдың ақпан айында Ұлттық спорт асық ату түрінен облыс чемпионаты өтіп, Республикалық кезеңге іріктеу жасалды.  Облыс чемпионатында мектебіміз жеңімпаз болып, жарысқа қатысқан оқушыларымыз  Кеңесбек Әсет, Еркен Мәди және Рахметлда Нұрали Меркі ауданынан шыққан асық ату спорт түрінен тұңғыш “СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР” атағын иеленді.  Сонымен қатар іріктеу нәтижесінде екі оқушы Республикалық кезеңге жолдама алып, сәуір айында Тараз қаласында ұйымдастырылған ҚР чемпионатында топ жарып,
"Мен елімді жырлаймын" Республикалық оқушылар айтысы
06
желтоқсан
2025
"Мен елімді жырлаймын" Республикалық оқушылар айтысы
5-6.12.2025ж.Шымкент қаласында  "Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мен "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" ұйымдастыруымен жастар арасында баға жетпес асыл мұра ретінде Айтыс өнерін жан-жақты қолдау және дамыту мақсатында "Мен елімді жырлаймын" Республикалық оқушылар айтысына мектебіміздің 10 "А" сынып білім алушысы Ерланқызы Назгүл қатысып, Диплом және  қаржылай ынталандыру сертификатына ие болды. Құттықтаймыз!!! Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні
9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары
25
қараша
2025
9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңнен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы: қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы мен қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндері бойынша  жүлделі орын алған Дүйсенқұл Еркежан, Ерланқызы Назгүл мен Асқар Бекжан  салтанатты түрде марапатталды. Құттықтаймыз!!! Жетекшілері: орыс тілі пәні мұғалімі
«JuniorSkills Jambyl-2025» облыстық  чемпионаты
05
қараша
2025
«JuniorSkills Jambyl-2025» облыстық чемпионаты
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың  5 қарашада «JuniorSkills Jambyl-2025» облыстық  чемпионаты өтті.  Іс-шараның басты мақсаты оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету, оларды еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылардың алуан түрлілігімен таныстыру және әрбір қатысушыға одан әрі кәсіби даму жолын таңдауға мүмкіндік беру, WorldSkills чемпионаты форматында және  сол формат элементтерімен
8-11 сыныптарындағы шығармашыл оқушылар арасында республикалық "Ақберен" өнер байқауы
17
қазан
2025
8-11 сыныптарындағы шығармашыл оқушылар арасында республикалық
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жылдық іс-жоспарына сәйкес, мектептегі "Дара бала" жобасы аясында 2025 жылдың 17 қазан күні жалпы орта білім беретін  мектептердің 8-11 сыныптарындағы шығармашыл оқушылар арасында республикалық "Ақберен" өнер байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің 10 "А" сынып білім алушысы Ерланқызы Назгүл "Ақындар айтысы" аталымы бойынша қатысып жүлделі ІІ  орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен
"Қола домбыра" республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі
17
қазан
2025
"Қола домбыра" республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі
Жастар арасында айтыс өнерінің баға жетпес асыл  мұра ретінде насихаттау, жан-жақты қолдау және дамыту мақсатында 2025 жылдың 16 қазан күні Тараз қаласында  10-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына айтыс өткізілді. Қазақстан РеспубликасыОқу-ағарту министрлігі, "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Қола домбыра" республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңіне мектебіміздің  10"А" сынып білім алушысы Ерланқызы
"Ауыл спорт – 2025"  жасөспірімдер арасындағы бокстан өңірлік турнир
02
қазан
2025
"Ауыл спорт – 2025" жасөспірімдер арасындағы бокстан өңірлік турнир
2025 жылы 2 қазанда Байзақ ауданында өткен "Ауыл спорт – 2025"  жасөспірімдер арасындағы бокстан өңірлік турнирде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Өмірбай Алихан І дәрежелі диплом және 50 000 теңге сертификатпен,                                                                       Құмық Нұрдос ІІ дәрежелі диплом және 25 000 теңге сертификатпен марапатталды.    
“Менің арманымдағы ұстаз” тақырыбында шығарма жазу байқауы
02
қазан
2025
“Менің арманымдағы ұстаз” тақырыбында шығарма жазу байқауы
2.10.2025ж №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мұғалімдер күні мерекесіне орай “Ұстаздарға тағзым” тақырыбындағы іс-шаралар жоспары негізінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 6 “А”, “Ә”, “Б” сыныптарының қатысуымен “Менің арманымдағы ұстаз” тақырыбында шығарма жазу байқауы өткізілді. Байқау жұмыстары тексеріліп нәтижесінде:  І дәрежелі дипломмен  6 “А” сынып оқушысы  Жұман Зерделім; ІІ дәрежелі дипломмен  6 “Ә” сынып оқушысы  Толыбек Анипа; ІІІ
Республикалық “Суреттер құпиясы” жас суретшілер байқауы
27
қыркүйек
2025
Республикалық “Суреттер құпиясы” жас суретшілер байқауы
Мектебіміздің 11 сынып оқушысы Сейсенқұл Мереке Алматы қаласында өткен Республикалық “Суреттер құпиясы” жас суретшілер байқауында “Қазақстан бояулары: Менің шаңырағым- Қазақстан Республикасы”  номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас талант иесін құттықтаймыз!  Жетекшісі Уалиева Айша Абеновнаға ерекше алғыс білдіреміз!
2-11 сынып оқушылар (Ұл,Қыз) арасында Облыстық тоғызқұмалақ ойындарының олимпиадасы
12
қыркүйек
2025
2-11 сынып оқушылар (Ұл,Қыз) арасында Облыстық тоғызқұмалақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен кыркүйек айының 12-ші жұлдызында 2-11 сынып оқушылар (Ұл,Қыз) арасында Облыстық тоғызқұмалақ ойындарының олимпиадасы өтті. Облыстық олимпиадасында жоғары нәтиже корсетіп, мектебіміздің 8 "А” сынып білім алушысы Марат Алижан 1-орын, 5 “А” сынып білім алушысы Нұрмаханбет Мариям 1-орын, 3 “Ә” сынып білім алушысы  Бауыржан Нурислам 2-орын иеленді. Жаттықтырушысы: Айдабосынов Берік
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 36 Вперед