12
желтоқсан
2025
“СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР”
Ағымдағы жылдың ақпан айында Ұлттық спорт асық ату түрінен облыс чемпионаты өтіп, Республикалық кезеңге іріктеу жасалды.
Облыс чемпионатында мектебіміз жеңімпаз болып, жарысқа қатысқан оқушыларымыз Кеңесбек Әсет, Еркен Мәди және Рахметлда Нұрали Меркі ауданынан шыққан асық ату спорт түрінен тұңғыш “СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР” атағын иеленді.
Сонымен қатар іріктеу нәтижесінде екі оқушы Республикалық кезеңге жолдама алып, сәуір айында Тараз қаласында ұйымдастырылған ҚР чемпионатында топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Қазіргі таңда мектебіздің екі оқушысына айына 78780 теңгеден бір жылдық шәкірт ақы тағайындалды. Спортшыларымыз шәкірт ақыларын алып ата-анасына көмек көрсетуде.
Ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңызға да алғыс айтамыз — сіздердің қолдауларыңыз бен тәрбиелеріңіз жас чемпиондардың үлкен жеңістеріне жол ашты.
Жүлделеріңіз құтты болсын!
Спорттағы жолдарыңыз әрдайым ашық болып, ел намысын асқақтата беріңіздер!
Жеңістеріңіз көп болсын!
Жетекшілері: дене шынықтыру пәні мұғалімдері Қ.Темірбеков, А.Конурбаев