07
қазан
2022
"Менің кіші Отаным" атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамыту, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңіне №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп - гимназиясының 9-10 сынып білім алушылары қатысты. Қатысушылар І тур бойынша Қазақстан тарихы пәнінен тест тапсырса, ІІ турда 4 аталым бойынша жұмыстарын қорғап, нәтижесінде (бейне фильм форматы)"Кішкентай Отанының символы" аталымы бойынша 9а сынып білім алушысы Қыдырбек Арайлым жүлделі ІІІ орынға, (нысан макетін презентациялау)"Менің кішкентай Отанының болашағы" аталымы бойынша 10ә сынып білім алушысы Смайыл Гүлсезім ІІ орынға және (эссе жазу) "Менің туған өлкем" аталымы бойынша 10а сынып білім алушысы Қыдырбек Айсезім жүлделі І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.Жас тарихшыларға сәттілік тілейміз!