23
желтоқсан
2022
2-7 сынып оқушылары арасындағы “Зерде” республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының “Жамбыл дарыны” аймақтық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушылары арасындағы “Зерде” республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының аудандық кезеңінде N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының 2 "А" сынып білім алушысы Талғат Еркежан, 4 "Ә" сынып білім алушысы Еркенбек Даяна жүлделі І орынға, облыстық кезеңде ІІІ орынға иеленді. Ал аудандық кезеңінде 2 "А" сынып білім алушысы Сағатбек Нұрсұлтан - ІІ орын, 3 "А" мен 4 "А" сынып білім алушылары Дүйсенқұл Асыл мен Нұржан Томирис ІІІ орын иегері атанды. Ғылыми жетекшілері информатика пәні мұғалімі Э.Жаксыбаева мен бастауыш сынып мұғалімдері А. Асанкулова, Ш.Ермаханбетова, Г.Садирмекова мен М.Бекасилова.