11
ақпан
2023
"Ақбота" зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары
Дарынды мектеп оқушыларын анықтау, математикалық сауаттылығын арттыру және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрінің "Дарын" республикалық ғылыми - практикалық орталығы" жалпы мектептерге арналған "Ақбота" зияткерлік олимпиадасын өткізді. N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының бастауыш 1 - 4 сыныптар аралығында 85 білім алушы қатысып, 74-і жеңімпаз атанды.
1 - сыныптар бойынша: 9 оқушы - І орын, 1оқушы - ІІ орын иеленді;
2 - сыныптар бойынша: 21 оқушы - Іорын, 3 оқушы - ІІ орын иегері атанды;
3 - сыныптар бойынша: 20 оқушы - І орын, 4 оқушы - ІІ орын, 1 оқушы - ІІІ орын иеленді;
4 - сыныптар бойынша: 12 оқушы - ІІ орын, 5 оқушы - ІІІ орын жеңімпаздары атанды. Құттықтаймыз!!!