13
қазан
2023
7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен ұлттық олимпиада
2023 жылдың 13 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен ұлттық олимпиада өткізілді. Нәтижесі бойынша мектебіміздің 7 сынып білім алушысы Эрикұлы Саруәр І дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі география пәні мұғалімі М.Алденбаева.
Облыстық кезеңде Эрикұлы Саруәрға сәттілік тілейміз.