18
сәуір
2025
3-4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының облыстық кезеңі
2025ж 18 сәуір күні Тараз қаласы "JAS TAMIR ELITE SCHOOL" мектеп-гимназия базасында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен 3-4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 4а сынып оқушысы Нұрмаханбет Мариям ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Ш. Ермаханбетова
