20
ақпан
2026
Жамбыл Жабаевқа арналған “Жыр алыбы – Жамбыл” атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезең
2026 жылдың 20-ы ақпан күні Тараз қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында Жамбыл Жабаевқа арналған “Жыр алыбы – Жамбыл” атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өткізілді.
Жас ақындардың өлеңді ұйқастыру қабілетіне, суырып салмалық қасиетіне және тақырыптан ауытқымай айтысуына, сахнада өзін-өзі ұстау шеберлігі мен киім киісіне дейін талдау жасалды. Нәтижесінде «Жыр алыбы - Жамбыл» атты облыстық оқушылар айтысында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ерланқызы Назгүл І дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды.Құттықтаймыз!!!
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Наушабаева