05
наурыз
2026
Облыстық "Ұлттық мектеп лигасы" тоғызқұмалақ жарысының жеңімпаздары
2026 жылдың 3-5 наурыз аралығында Сарысу ауданында өткен Облыстық "Ұлттық мектеп лигасы" тоғызқұмалақ спорт түрінен Меркі ауданының білім алушылары командалық есепте І орынға ие болды. Команда құрамында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының білім алушылары Марат Алижан, Марат Асылжан, Болатбек Бағнұр, Жаңабай Анелім марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: дене шынықтыру пән мұғалімі Айдабосынов Берік Қайсарбайүлы. Құттықтаймыз! Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!



