Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық комиссиясы) мониторингті жүзеге асыру жұмысы бойынша кемшіліктерді жою туралы анықтама
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық комиссиясы) мониторингті жүзеге асыру жұмысы бойынша кемшіліктерді жою туралы
Анықтама
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушіердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында , жетім балалар мен ата-анаарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №95 бұйрығы мен «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығының талаптарына сәйкес 2024 жылдың 17 қыркүйекте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу өніндегі (бракераждық) комиссия құрамы мектеп асханасының санитарлық талаптарға сәйкес қызмет ету жұмысын тексерді.
Бүгінгі күні мектеп асханасында аталған мемлекеттік көрсетілген қызмеет қағидаларына сәйкес мектеп асханасында бастауыш 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 203 білім алушы мен жекелеген санатта 5-11 сыныптар аралығында оқитын 54 білім алушы, жалпы саны 257 білім алушы бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отыр.
Балалардың тағам және су ішетін ыдыстары аптасына 1 рет дихлорланады. Білім алушылардың ішетін ауыз суы толтырылып, стакандар қойылып, беті жабылған. Ауыз су құйылатын су диспенсері бар. Ас мәзіріне сәйкес, әрі нормаға сай беріледі. Қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер орнатылған. Білім алушыларға арналған қол жуатын 3 орын бар.Ас блогындағы санитарлық жағдайы қалыпты, талаптар сақталған. Ас блогының үй-жағдайын тазалау кестесі ілінген. Ас болгында ағы ұшқан ыдыстар жоқ. Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар. Сертификаты бар. Тауар көршілестігін сақтау талаптары сақталған. Өнімдерді сақтау режимі ескерілген.Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Бір реттік қағаз сүлгілерді пайдалану керектігі ескерілген.
Тексеру нәтижесінде ас блогында тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыстың ескіргендігі байқалып, жаңасын алуға ұсыныс берілген болатын. Жаңасы алынып, ауыстырылды. Аспазшылар киім ауыстыратын бөлмедегі лампа күйіп кеткен болатын. Жарықтандыру жүйесі ауыстырылды. Осы ұсыныстар 5 жұмыс күн ішінде орындалды