03
ақпан
2023
3"Ә" сыныбында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты
N5 Ақарал ЖОББМГ 3"Ә" сыныбында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: тиімді, дұрыс тамақтану денсаулыққа өте маңызды екенін түсіндіру. Дұрыс тамақтану қағидаларын сақтауға үйрету. Сабақ барысында дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары мен ережелерімен таныстырылды. Сабақта пайдалы және зиянды тағамдар туралы білімдері кеңейді және де пайдалы тағамдардан қандай дәрумендер бөлінетінін білді. Сынып жетекшісі: Ж.Байгунусова