09
қазан
2024
"Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақатну мәдениетін қалыптастыру" онкүндігінің ашылуы
2024 жылдың 9 қазан күні «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» іс-шаралар жоспарына сәйкес он күндіктің ашылу салтанаты өткізілді. Мақсаты: Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; білім алушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу; пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау. Ашылу барысында мектеп-гимназия директоры Н.Конкабаев алғы сөзін айтып, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Алденбаева білім алушыларға «Дұрыс тамақтануды насихаттау» тақырыбында презентациялық түсіндірме жұмысымен таныстырып, аспазшы Г.Барменкулова тағамдардың құндылығы жайында айтып өтті. Білім алушылар арасында «Дәрумендердің адам ағзасына тигізер пайдасы» туралы өлең шумақтары айтылып, көрініс қойылды. Жасанды интелект арқылы, қызықты ойындар ойнатылды.