Мектептегі тамақтану мектеп оқушыларының көзімен атты сауалнама
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 07-08 желтоқсан күндері "Мектептегі тамақтану мектеп оқушыларының көзімен" сауалнама жүргізілді. Сауалнама 8,9,10 сынып білім алушыларынан алынды. Сауалнама нәтижесінде білім алушылар асхана мәзіріне өзгерістер енгізсе деген ұсыныстар білдірді."Мектептің асханасында берілетін тамақ түрлері көңіліңнен шыға ма?" деген сауалға білім алушылардың бәрі "Ия" деп жауап берді.