22
қазан
2021
Денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы, денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық — денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет! Денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы, денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге үйрету мақсатында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында сынып жетекші Айдабосынов Б. "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында 5"Ә" сыныбымен пікір-талас өткізді. "Дұрыс тамақтану" тобының басшысы Мейірбек Ақнұр мен Туғашбай Айша, "Зиянды тамақтар" тобының басшысы Құмаш Балым. Екі топ тағамның пайдалы және зиянды түрлері туралы пікір алмаса отырып, сөз жарыстырды. Сабақ соңында сынып жетекші таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жататындығын және осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалану керек екендігін айта отырып пікір-сайысты қорытындылады.