22
қаңтар
2022
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі!
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі! Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Осы мақсатта мектебіміздің 1 сыныптары арасында дұрыс тамақтануды насихаттау үшін бейнероликтер көрсетіліп, мектеп асханасының аспазшысы Г.Барменкулова білім алушыларға өз кеңестерін берді. Жауапты: 1 сынып жетекшілері.