28
қаңтар
2022
"Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі!" тақырыбында сурет салу байқауы
№5 Ақарал ЖОББМГ-ның 2-ші сыныптар арасында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі!" тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Білім алушылар ағзаға қажетті өнімдердің құрамындағы дәрумендер, қоректік заттар туралы ой қозғап, дұрыс тамақтану пирамидасын құрды. Өздерінің шығармашылық, шеберлік қабілетін, қиялын шыңдап, тақырыпқа байланысты сурет сала білді. Жауапты мұғалімдер: М.Бекасилова, А.Кайралапова, М.Беккалиқызы