Материалы за 30.04.2022 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за 30.04.2022
"Жас педагогтердің шығармашылығын арттырудағы инновациялық әдістерінің рөлі"  тақырыбында шығармашылық калейдоскоп - семинары
30
сәуір
2022
"Жас педагогтердің шығармашылығын арттырудағы инновациялық
30 сәуір 2022ж. №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында "Ақарал - прогресс" кәсіби қоғамдастығы жетекшісі Г.Самбетованың ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған "Жас педагогтердің шығармашылығын арттырудағы инновациялық әдістерінің рөлі"  тақырыбында шығармашылық калейдоскоп - семинары өткізілді. Жас ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы калейдоскоп барысында авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар, ғылыми жоба жасау жолдары, функционалды
"Ерінің ерен тұлғасы" тақырыбында әке мен бала арасында кіші футболдан жарыс
30
сәуір
2022
"Ерінің ерен тұлғасы" тақырыбында әке мен бала арасында кіші
30.04.2022ж N5 Ақарал ЖОББМГ Патриоттық айлық аясында мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына арналған "Ерінің ерен тұлғасы" тақырыбында әке мен бала арасында кіші футболдан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі І орынды 8б сынып командасы иеленді. ІІ орынды 7ә сынып командасы және ІІІ орынды 7б сынып командасы иеленді. Жеңімпаз командалар арнайы грамоталармен және медальдармен марапатталды.  
2021-2022 жылғы оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы
30
сәуір
2022
2021-2022 жылғы оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы
Министрлік 2021-2022 жылғы оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойды.   Қазақстандық орта білім беру мекемелері оқу жылын 25 мамырда аяқтайды.   9 сыныптар үшін қорытынды 28 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді.   11 сыныптар үшін қорытынды емтихан 27 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді.   Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады.   Мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде "Бейбітшілік-ел тірегі" тақырыбында фестиваль
30
сәуір
2022
1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде
1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде "Бейбітшілік-ел тірегі" тақырыбында фестиваль іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: көпұлтты Қазақстан халықтар достығы-еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін бала жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Фестиваль барысында қатысушы сыныптар өздеріне тиесілі ұлттардың тарихы, өнері, салт-дәстүрі
"Әлемге танылған - Әуезов" тақырыбында эссе байқауы
30
сәуір
2022
"Әлемге танылған - Әуезов" тақырыбында эссе байқауы
2022 жылдың сәуір айында 8-10 сыныптар арасында М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай "Әлемге танылған - Әуезов" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жазу шеберлігін шыңдау, ойды тұжырымдап жазу дағдысын қалыптастыру. Байқау нәтижесінде 10-сынып оқушысы Өмірбай Д 1- орын, Қыдырбек А 2-орын, 8-сынып білім алушысы Ермекбай А  3-орынға ие болды.