30
сәуір
2022
"Жас педагогтердің шығармашылығын арттырудағы инновациялық әдістерінің рөлі" тақырыбында шығармашылық калейдоскоп - семинары
30 сәуір 2022ж. №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында "Ақарал - прогресс" кәсіби қоғамдастығы жетекшісі Г.Самбетованың ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған "Жас педагогтердің шығармашылығын арттырудағы инновациялық әдістерінің рөлі" тақырыбында шығармашылық калейдоскоп - семинары өткізілді. Жас ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы калейдоскоп барысында авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар, ғылыми жоба жасау жолдары, функционалды сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар, қысқа мерзімді жоспарды критерийлерге негіздеп құру жұмыстарын қоғамдастық мүшелері А.Атамкулова, Г.Сәдірмекова, К.Қалманбетова, А.Асанкулова жас педагогтармен іс - тәжірибелерімен бөлісті.