09
сәуір
2022
"Үздік педагог - 2022" байқауы
2022 жылдың 9 сәуір күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жылдық ғылыми - әдістемелік жоспарға сәйкес білім үрдісінде жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұнын жүзеге асыру жағдайында педагогтердің шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдай жасау мақсатында мектепішілік "Үздік педагог - 2022" байқауы өткізілді. Мектеп директоры Н. Койшиманова қазіргі таңда педагогтердің кәсіби мәртебесін көтеру және қолдау, тәжірибені тарату және насихаттау, бастысы білім алушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету көзделгенін айтты. Әр әдістемелік бірлестіктен 7 пән мұғалімі қатысты. Байқау барысында педагогикалық біліктілігі, теориялық білімі, педагогикалық техникасы және сабақты ұйымдастыру көрсеткіштері бағаланды. Іс - шара қорытындысы бойынша Бас жүлде иегері қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г. Наушабаева, I орын иегері орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Шошабай, II орынға химия пәні мұғалімі Ж. Алайдарова мен бастауыш сынып мұғалімі А. Асанкулова ие болса, III орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі А. Бабалиева, математика пәні мұғалімі Б. Аширбаева мен дене шынықтыру пәні мұғалімі Б. Айдабосынов өзара бөлісті. Жауапты: директордың ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р. Бабижанова