30
сәуір
2022
1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде "Бейбітшілік-ел тірегі" тақырыбында фестиваль
1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде "Бейбітшілік-ел тірегі" тақырыбында фестиваль іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: көпұлтты Қазақстан халықтар достығы-еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін бала жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Фестиваль барысында қатысушы сыныптар өздеріне тиесілі ұлттардың тарихы, өнері, салт-дәстүрі бағытында тыңғылықты ізденіп, үлкен даярлықпен келгендерін көрсете білді. Кең байтақ Қазақстанның қасиетті жерінде бүгінгі таңда 130-дан аса ұлт өкілдері мекен етіп жатқандығы барша әлемге аян. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны бөлек.