26
ақпан
2020
2-5 сыныптар арасында "Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан" атты фестивальі
Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылдығына орай 2020 жылдың 26 ақпан күні №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2-5 сыныптар арасында "Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан" атты фестиваль өткізілді. Іс шара барысында бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай ұлыстарды жұмылуға шақырып, әр ұлт өздерінің құттықтауы, әні мен биін, салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарын жүргізді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова өз сөзінде Қазақстанды мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын жиырма бес жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білетінімізді айтты.