11
қазан
2019
7-11 сыныптар арасында "Қыз болашағы-ел болашағы" атты іс-шара
2019 жылғы 4-14 қазан аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясымен қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелердің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде жарияланған Халықаралық қыздар күніне арналған онкүндік республикамызда өткізілуде. Осыған орай №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 11 қазан күні қыздардың құқықтарын іске асырудағы проблемалық мәселелер бойынша 7-11 сыныптар арасында "Қыз болашағы-ел болашағы" атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада 2сынып білім алушысы Жорабек Айару "Қыз бала гүл" әнін орындаса, 6 сынып қыздары "Шолпы" биін нақышына келтіріп биледі. Әр сынып қыздары өздерінің ұрандарын айтып, іс-әрекетпен көрсетті. Соңында барлық сынып қыздары жаппай флэш-моб биін орындады. Бұл іс-шараға 7-11 сынып білім алушылары, 13 мұғалім және мектеп әкімшілігі қатысты.