01
ақпан
2020
"Ахментаев Асубай туралы бір үзік сыр" атты еске алу кеші
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 1 ақпан күні тарихи тұлға, елі үшін бар жақсылығын аямаған, жастайынан үкіметке кызмет еткен ардақты ауылымыздың тумасы "Ахментаев Асубай туралы бір үзік сыр" атты еске алу кеші өткізілді. Біртуар тұлға коммунистік партия мен Совет халқының ісіне шексіз беріліп, комсомол Жастар ұйымының инструкторы, милиция құрамында істеп, партияға өтіп ескіліктің қалдықтарымен күрескен, Меркі қызылша зауытында кызмет атқарып, бірнеше дүркін съезд депутаты болып туған жерге еңбегі сіңген үшін Социалистік Еңбек Ері, "Құрмет белгісі"ордені мен медальдармен марапатталған Асубай ақсақалдың немерелері Ө.Алтыбаев, С.Шаргынов пен Р.Айтаева көпшілікке баяндап берді. Кездесу барысында 5-7 сынып білім алушылары туған жер, ауыл, Отан туралы өлең жырларын тарту етсе, барша көрермендер мен қатысушыларға "Асубай асқан асулар" атты бейнефильмі көрсетілді. Мектеп директоры Н.Койшиманова Ақарал ауылының орталық көшесі абыз азамат, биік тұлға Асубай Ахментаев атында екенін тілге тиек етіп, тың деректерге толы, рух жасампаздығы жаңарту ісі одан әрі жалғасатынын айтып кешті қорытындылады.