16
қараша
2018
«Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал» атты сырласу кеші
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында 11 «А» сыныбында 16.11.2018 күні «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал» атты сырласу кеші өтті. Кештің мақсаты: мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт – бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу арқылы адам өміріндегі мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінікті қалыптастыру болып табылды. Кештің бағдарламасы 6 бөлімнен тұрды. Кешке сыныптың ата – аналары, мектептің жас мамандары өз ойларымен бөлісіп, балаларға бағыт – бағдар мамандық таңдау бойынша берді. Кеш барысында оқушылар бейнероликтер мен суреттер сөйлейді атты мақалаларын ата – аналарға ұсынды.