30
қаңтар
2020
«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты тақырыбымен 5-10 сыныптар арасында сурет байқауы
2020 жылдың 13 қаңтар мен 13 ақпан аралығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру айлығы барысында №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты тақырыбымен 5-10 сыныптар арасында сурет байқауы өтті. Байқау барысында білім алушылар жемқорлық елдің ұлттық мүдделеріне, экономикалық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретінін сурет арқылы түсіндіре білді. Нәтижесінде 8а сынып Д. Өмірбай, 6а сынып М.Амиржан, 5а сынып М.Сейсенқұл, 6б сынып Б.Көпжасар сынды білім алушылардың жұмысы «үздік» деп танылды.