09
желтоқсан
2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай "Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек" атты өткізілген дөңгелек үстел
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 9 желтоқсан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай "Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек" атты дөңгелек үстел өткізілді. Халыққа адал қызмет ету мемлекеттік қызметкерлердің ең басты міндеті, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты екенін Акарал ауылдың округінің әкімі О.Жантайбеков тілге тиек етті. Мектеп директоры Н.Койшиманова қазіргі күрделі кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер екендігін айтса, Р.Бабижанова "Адал ұрпақ" еріктілер клубы мүшелерімен бірге сахналық қойылым арқылы заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруге шақырды.